1919 жылы 4 сәуір Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті шешімімен Алашорда мүшелеріне
кешірім(амнистия) жасалды. 1919 жылы 10 шілде В.И.Ленин «Қырғыз(Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет»(Қазревком)туралы декрет құрды:
▪ Әскери және азаматтық басқарма
▪ 1919-1920 жылдары 15 ай қызмет етті
▪ Казревкомның органы болған баспасөз «Ұшқын» газеті болды
▪ Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашты
▪ Орал қаласында тұңғыш коммунистік сенбілік өткізілді
➢ Қазревком басшысы: С.Пестковский ➢ Қазревком мүшелері: В.Лукашев, Ә.Жангельдин, А.Байтұрсынұлы, М.
Тұнғаншин, С. Меңдешов, С.Сейфуллин, В.А.Радус-Зенькович, А.Авдеев,
Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, Ә.Әлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников
➢ Құрамында: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Семей, Ақмола,
Орал, Торғай облыстары
➢ Міндеттері: контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресті, өлкеде мемлекеттік
және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, өлке кеңестерінің съезін дайындау
1919 жылы 19 қыркүйек Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы жөнінде шешім қабылданды
1920 жылы 9 наурыз «Алашорданы» тарату жөнінде Қазревкомның шешімі қабылданды.
1920 жылы 7 шілде Орынбор республика құрамына енгізілді
С.С.Пестковский С.Меңдешов
1920 жылы 20 тамыз «Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет шықты. Астанасы: ✓ Орынбор (1920-1924 жылдары)
✓ Ақмешіт(1924-1929 жылдары)
✓ Алматы (1929-1997 жылдары)