Билет №18 Аңырақай шайқасы


Ақын-жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Билет 18-35

2.Ақын-жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет,
Марқасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.
Дербес, қазақ атымен аталатын əдебиеттің өмір сүруі XV ғасырдың орта
шенінен басталады. Бұған себеп болған жай – 1456 жылы қазақ хандығының
құрылуы, осының нəтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы.
XV-XVII ғасырлардағы ақын шығармаларында фольклорлық жəне жазба
шығармашылық сипаттары мол. Бұл ғасырларда Асан қайғы, Қазтуған, Қабан,
Шалкиіз
сынды
ақын-жыраулардың
мұрасы
пайда
болды.
Ал
бұл
ақын-жыраулар мұрасының мазмұны – аумалы-төкпелі заман, ислам дінімен
астасып жатқан адамгершілік пен адами құндылықтар, ерлік пен бірлік,
батырлық пен ел қорғау, өз қауымының даналығын суреттеу, берекелі, бейбіт
өмірді іздеу.Жырау – бұл қазақ поэзиясындағы ақынның ежелгі келбеті.
«Жырау» деген сөздің өзі «жыр» деген сөзден келіп, өлеңді жырлау деген
мағынаны білдіреді. Тарихшылардың еңбектеріне қарағанда, Асан қайғы атанып
кеткен Хасан Сəбитұлы 1361-1370 жылдары аралығында Еділ бойында туылған.
Асан Алтын Орда ханы Ұлұғ-Мұхаммедтің беделді билерінің бірі болған. Тағы
бір зерттеулерде Асан Қайғының тегі ноғай, Майқы бидің алтыншысы немересі
деген дерек айтылады. XV ғасырдың 20-жылдары Ұлұғ-Мұхаммед Ордадан
қуылғанда Асан өз əміршісімен бірге кетеді. Кейін Дешті-Қыпшақ жеріне қайта
оралып, 1450 жылдары Əбілқайыр ұлысындағы тартыста Керей мен Жəнібекті
қолдайды. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылғанда Асан жаңа
мемлекеттің ұраншысына айналып, Жəнібек ханмен достық қарым-қатынаста
болған. Деректер бойынша ақын Сарыарқадағы Ұлытауда дүние салған.
Қазтуған Сүйіншіұлы шамамен XV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында,
Астрахань облысының Краснояр қаласының маңында туылған əрі батыр, əрі
шешен жырау. Қазтуған – Ноғайлы дəуірінің перзенті. Көшпелі шонжарлар
əулетінен шыққан Қазтуған түркі тайпаларының рубасы көсемі, əскербасы
батыры болды. Кейін Еділден ауып өз қарауындағы рулармен бірге Қазақ
Ордасының құрамына өткен. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек
сақталмаған. *Қазтуған нəр алған əдебиет – көшпенділердің поэзиясы, Кет-бұға,
Сыпыра жыраулардың поэзиясы. *Қазтуған шығармалары көлемі жағынан
шағын, мазмұны ерлік рухы, батырлыққа негізделген. *Қазтуғанның бүгінгі
күнге белгілі «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» атты
толғаулары бар. Одан басқа «Туған жұртпен қоштасу», «Жембойлық» атты
толғаулары табылған. * Мұрын жырау «Қарғабойлы, Қазтуған» жырында


Қазтуғанның басынан өткендерін айтып жырлаған. *Кейін Мұрат Мөңкеұлы
«Қазтуған» жырын жазып, жыр соңына жыраудың толғауын да қосып жіберген.
*Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының
басты жырлары» атты кітапта 1912 жылы Орынборда басылып шықты. *ал
«Туған жер туралы толғауы» 1972 жылы Каирде ағылшын, француз, араб тілінде
шығатын «Лотос» журналында жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет