Билет №18 Аңырақай шайқасы


Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен əдістері туралы



Pdf көрінісі
бет43/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Билет 18-35

3.
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен əдістері туралы
пікірталастар.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы
көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне
тоқталып
өтейік.
Бірінші
бағытты
жақтаушылар

Қазақстан
экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын
жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін
ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде
оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын
ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану
дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың


талабы
бойынша
жүргізбей,
жергілікті
қажеттілікті
ескере
отырып,
өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар
көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы
қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның
ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес
деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар
қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән
келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”,
“өндірісті
қазақтандыру
пайда
бермейді”,
“қазақтандыру
өндірісті
қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға
қашады” және т.б. деп санады.
Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал
алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші
бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен
орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар
өктемдеу
болды.
Соған
қарамастан
екінші
бағытты
жақтаушылар
ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан”
науқанын жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ
жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында
ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма
тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және
т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны
неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, — деп мәлімдеді олар.
Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында
Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да
қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат
А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы
индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын
құру,
әрбір
республиканы
бас-басына
индустрияландыру
жолымен
жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру,
тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы Голощекиндік
бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К.
Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін
мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер
бізде жоқ”, — деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет