таудан өтіп, жүздеген қайық, кемемен Ібір-Сібір патшалығына басып кіріп,
Көшім хан патшалығын күшпен жаулап алды.
Қандыбалақ қарақшы Ермак Ертістің бір
саласы Бағай өзеніне батып
өлді. Патша соңынан Сібірді жаулап, бағындырды.
Тіпті, патшадан соң совет дəуірінде «тыңды бағындырушылар» шықты.
Хрущев мақтанды: патшалар жүздеген жылдар бойы əстей алмағанды мен
бір-ақ жылда істедім деп.
«Бағындыру» – оңбаған, жексұрын сөз. Хан Тəңіріні бағындырдық деп
қақсайды.
Теле – тентек.
Не деген надандық?!
Бір кем дүние.
Кəрі шынар
Елге барған сайын Зиратсайға сəлем бермесем, əлдене
жетпей
тұрғандай болады. Кейде жалғыз, кейде немерем Илиго екеуіміз екі атқа
мініп, ата-бабалар жатқан мекенге қарай желе-жортамыз.
Терең сайдың шығыс жағын қалың қамыс,
қызыл изен, жусан басқан.
Ара-арасынан көне төмпешіктер білінеді.
Міне, бұл ата-бабалар зиратының жұрнағы. Аттарды қаңтарып қойып,
білгенімше шын беріліп дұға оқимын. Бұл зиратта əкемнің əкесі Бердімбет
баба жатыр. Бұл зиратта ұлы ана Күнікей жатыр. Дұрысы: олардың сүйегі
жатыр. Жандары, Алла қаласа, аспанда, жұлдыздардың бірінде шығар.
Жандары жаннатта болғай!
Терең сайдың батыс жақ беткейінде
бұтақтары тарам-тарам, аспан
астын көмкергендей бай шынар тұрады. Ол мына ата-баба зиратының
күзетшісіндей.
Жарықтық, сол бай шынар менің бала кезімде бар еді. Əлі тұр. Ал мен
жетпіс бестен асып барамын. Бай шынар əлі баяғыдай. Тек үлкен үйдің
тұрқындай діңгегі ғана қатпар-қатпар əжімді. Бір бүйірі тесік. Əлдебір
қарғыс атқыр бүйіріне балта шауып, үңгірлеп,
ішіне от қойып, күйдірген.
Көлемі бір адам сыйып кетердей. Ішімнен: мен өлгенде денемді осы үңгірге
салып қойса, қарсы беттегі бабам Бердімбеттің, ұлы анам Күнікейдің
бейіттеріне қарап жатсам деп қоямын. Бай шынардың жапырақтары
жамырап, күндіз-түні ғарыш əнін айтып тұрса...
Қай жерде, қай сағатта ажал жетіп, сүйегіңнің
қайда қаларын бір Құдай
ғана біледі.
Біздікі тек қиял ғой.
Бір кем дүние.
Ас пен тас
1944 жыл. Көктем. Өте ауыр болды. Қыстан сирағымыз сіңірімізге
ілініп, əрең шықтық.
Қылтиып жаңа шыққан көкті жұлып жедік. Айша анамыз:
– Күн күркіремей жуа жұлып жемеңдер, уы бар, – дейді.
Күн қашан күркірер екен деп аспанға қарап, алақан жаямыз. Аспан
алақанға ештеңе тастамайды. Аспан соқырдың
ақшел басқан көзіндей
бедірейеді де тұрады.
Бір күні қарындасым Құрмаштың қолынан жетектеп, екінші ауылдағы
Қайырқұлдың үйіне бардық. Бір үзім нан, бір уыс талқан берер ме екен деп.
Қайырқұл бастық:
– Кет, айда! – деп қуып жіберді.
Жұдырығым томпаяды.
Бұл не екен деп қарасам, тас екен.
Қайырқұл ас орнына тас салып жіберген бе?Аң-таң
болып тұрып, əлгі
тасты Қайырқұлдың үйіне қарай құлаштап тұрып лақтырып жібердім.
Тасты жерден қашан, қалай алғаным есімде жоқ.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: