Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет57/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Бір кем дүние

Тасаттық
Тышқан жылы — құрғақшылық. Мыңбұлақта құлпырып өсетін асыл
қызғалдақ биыл шықпай қалды. Құтырына гүлдеген өрік пен алманы бір
түнде қырғын үсік ұрып кетті. 10 градусқа дейін суық болып, қалың өскен
көгеріштің бəрін жайратты.
Тəңіртаудың Ақсу-Жабағылысын қалың бұлт бүркеп тұрып-тұрып
жаумай кетеді.
«Эпоха водолея» дегені осы ма? Бірақ əлем ала-құла. Мұзды мұхит еріп
жатыр дейді. Америкада, Европада ту тасқындарынан зардап шеккендер
көп деседі.
«Табиғаттың бермесін тартып аламыз!» деген большевикшіл ұранды
Құдай жазалаған сияқты.
Ендеше, Құдайға құлшылық ет. Мешітте құран оқытқызып, тасаттық
бергіз.
Кім біледі, Алланың рахымы түсер.
Құдайға сыйынған құстай ұшады. Адамға сыйынған мұрттай ұшады.
Тəңіртаудың басында будақ-будақ бұлт бар. Бірақ бедеу сияқты,
тамбайды. Иə, Жаратқан Құдірет, бұлттарды идіре гөр!
Бір кем дүние.
Əзəзіл
Арақты о басында адамдар дəрі ретінде ойлап тапқан екен. Шипа
болған соң, оны бір-бір тамшыдан ғана пайдаланған.
Бара-бара, келе-келе, əсіресе ормандағы халық арақты рүмкемен,
стаканмен ішетін болған.
Ал арақпен ауызданбаған, қымыздан артық қызулы сусын ішпеген


біздің халық, кейін-кейін, əсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін,
араққа бой алдырғаны сонша, арақты «атасының асындай» көретіндерден
озып кетіп, шіркінді кесесімен ішетінді шығарған жоқ па?!
Ата-баба қанында болмаған зəһарға бой алдырғандар ажалынан бұрын
баудай түсіп жатты. Көз алдымызда қаншама боздақтар, қаншама таланттар
өкпе-бауырлары іріп-шіріп өлді. Олардан туған ұрпақ шалажансар
мүгедектер.
«Өмір деген өмірбойы əзəзілмен арпалыс» деген екен бір данышпан.
Əзəзілдің ең үлкені — арақ!
Бір кем дүние.
Ұстаз
Оны сол кездегі Қазақстан Үкіметі сонау Ленинградта оқып жүрген
жерінен, оқуын бітірткізбей Алматыға шақыртып алып, Жазушылар
одағының бірінші бастығы етіп тағайындап қойып еді.
Бұл қандыбалақ 1937-ші зұлмат жыл болатын.
Ленинградтан шақыртып алып, ай-шай жоқ, лезде бастық етіп қойған
азаматтың аты-жөні Мұхамеджан Қаратаев еді.
Сөйтсе, Үкіметке көсек керек екен. Жап-жас бастыққа сол кездегі қазақ
əдебиетінің марқасқаларына қарсы қаралап мақала жаздыру керек екен.
Оны орындамаса, Мұхамеджанның өзі атылып кетер екен.
Ақыры, соның қолымен от көсеп алып, Мұхамеджан Қаратаевтың өзін
он жылға итжеккенге айдатып жіберді ғой.
Он жылдан кейін Қаратаевты айдаудан босатып, Жамбыл қаласына
мұғалім етіп жібереді. Ол сонда Жамбыл қазақ орта мектебі мен педагогика
училищесіне қатар сабақ беріп жүреді.
Астанамыз Алматыда тұруға рұқсат жоқ.
Бірақ бір жарым жылдан кейін КГБ тарапынан қайтадан тұтқындалып,


каторгаға айдалады.
Баяғы патша заманындағы Сібірге айдалған декабристердің əйелдері
сияқты, Мұхамеджан Қаратаевтың жұбайы Мархума күйеуінің соңынан
итжеккенге іздеп барған ғой.
1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін, «жылымық» кезең келіп,
«халық жаулары» елге қайта бастағанда, Мұқаң Алматыдағы қазақтың
көркем əдебиет баспасына қатардағы редактор болып жұмысқа орналасты.
Дəл сол жылы мен де университет бітіріп, дəл сол баспаға жұмысқа
келдім. Бір кездегі ұстаз бен шəкірт бір столдың басында қатар отырдық.
Бұл да бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет