205
13.10 -сурет.
Көп каскадты күшейткіштің құрылымдық схемасы (а) жəне ЛС-
байланысы бар екі каскадты күшейткіштің нақты схемасы (б)
сондай-ақ сигнал көзінен тоқтың тұрақты құрамдас бөлігі белсенді
элементтің кірісіне кірмеу үшін қосады.
С2 конденсаторы —
каскадтық қосылысты жүзеге асыратын екінші каскадқа арналған
кіріс құрылғысы.
Алдын ала күшейту каскадтары сигналды мықты күшейткіштің
кірісіне беру үшін қажетті тоқтың, кернеудің немесе қуаттың мəніне
дейін арттырады. Сызықты емес бұрмалануларды азайту үшін
əрқашан
А режимі пайдаланылады. Транзисторларды əдетте ЖЭ бар
схема бойынша қосады.
Мықты күшейткіш қажетті қуатты сигналды жүктемеге
беруге
арналған жəне бірнеше каскадтан тұруы мүмкін. Кейде қуатты
күшейткішті соңғы деп атайды. Олардағы күшейткіш элемент əрі A
режимінде, əрі В режимде жұмыс істей алады. Транзисторларды
көбінесе ЖЭ жəне ЖБ схемалары бойынша қосады.
Шығыс құрылғысы соңғы күшейткіштің шығыс тізбегінен
жүктемеге сигналды беру үшін қажет.
Шығыс құрылғысы ретінде
трансформаторлар, конденсаторлар жəне резисторлар қолданылады.
Трансформаторлар, мысалы, соңғы күшейткіштің шығыс кедергісін
жүктеме кедергісімен үйлестіру үшін жұмыс істейді.
206
13.10,
б-суретте шығыс құрылғысы
С2 конденсаторы болып
табылады. Конденсаторлар мен резисторлар күшейткіштің жəне
жүктің
шығу
тізбегінің
тоқ
жəне
кернеуінің
тұрақты
компоненттерін ажырату үшін қолданылады.
Каскад аралық байланыстар сигнал көзінен бірінші
күшейткіштің
кірісіне, бір каскадтың шығысынан басқа каскадтың
кірісіне жəне соңғы күшейткіштің шығыс тізбегінен жүктемеге
сигналды тасымалдау үшін қызмет етеді, жəне бөлгіш элементтер
функцияларын орындайды. Бұл
жағдайда олар арқылы қуат
күшейткіш құрылғылардың қысқыштарына беріледі.
Каскад аралық байланыстардың негізгі түрлері: гальваникалық,
резисторлық, сыйымдылықты, трансформаторлық жəне дроссельді.
Кейде осы байланыстардың комбинациясы қолданылады. Сигнаның
тұрақты құрамдас бөлігінен гальваникалық байланыс ғана
қамтамасыз етіледі, сондықтан бұл байланыс түрі
тікелей тоқ
күшейткіштерінде қолданылуы мүмкін. Байланыстардың басқа
түрлері кез келген күшейткіштерде қолданылады. Гальваникалық
байланыс тікелей жəне потенциометриялық болуы мүмкін.
Күшейткіш каскадтар онда қолданылатын қосылыс түрі
бойынша аталады: ЛС-байланысы бар каскад,
трансформаторлық
каскад жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: