Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  АЙНЫМАЛЫ ТОҚТЫ АНЫҚТАУ, АЛУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет13/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

2.2. 
АЙНЫМАЛЫ ТОҚТЫ АНЫҚТАУ, АЛУ ЖӘНЕ 
КЕСКІНДЕУ 
Электротехника жəне радиотехника саласында периодты уақыт 
функциялары болып табылатын айнымалы кернеулер мен тоқтар 
көп таралған. ЭҚК, кернеулер жəне тоқтар синусоидалық заң 
бойынша өзгеретін электр тізбектер синусоидалық тоқтың 
айнымалы тізбектері деп аталады. 
Айнымалы тоқ деп өзгеруі шамасы мен бағыты бойынша тең 
уақыт аралықтары сайын мерзімді түрде өзгеріп отыратын жəне 
амплитудамен, периодпен, жиілікпен жəне фазамен сипатталатын 
тоқты айтады. 
Техниканың əртүрлі салаларындағы айнымалы тоқтың кеңінен 
қолданылуы оны алу жəне түрлендіру жеңілдігімен, сондай-ақ 
айнымалы 
тоқ 
генераторлары 
мен 
қозғалтқыштарының 
құрылысының қарапайымдылығымен жəне трансформаторларды 
қолдану қажеттілігімен түсіндіріледі. 
Электромагниттің немесе тұрақты магниттің полюстерінің 
арасында (2.1-сурет) электротехникалық болаттың беттерінен 
жиналған цилиндрлік ротор (зəкір) орналасқан. Зəкірге сымның 
белгілі бір орам санынан тұратын катушка бекітілген. Осы 
катушканың ұштары зəкірмен бірге айналатын түйіспелі 
сақиналармен жалғанған. Түйіспелі сақиналарымен қозғалмайтын 
контактілер (қылшақтар) байланысқан, олардың көмегімен катушка 
сыртқы тізбекпен қосылады. 
Полюстер мен зəкір арасындағы ауа саңылауын оның ішіндегі 
магнит өрісінің индукциясы синусоидалық заң бойынша 
өзгеретіндей етіп профильдейді: 
В = B
т
sin α, 
2.1-сурет
Айнымалы тоқ генераторының 
үлгісі 
2.2-сурет. 
Синусоидты айнымалы тоқтың 
графигі 


23 
мұндағы a - катушка жазықтығы мен OO` бейтарап жазықтық 
арасындағы бұрыш. 
Зəкір магнит өрісінде бұрыштық жиілікпен айналғанда жəне, 
катушаның белсенді бөліктерінде ЭҚК индукциясы пайда болғанда 
(генератордың магнит өрісінде орналасқан тараптар белсенді деп 
аталады): 
e
L
= B1

sin β, 
мұндағы В — магнит өрісінің индукциясы; — катушка 
орамдарының белсенді жақтарының ұзындығы;
V
жылдамдық; β 
— магнит өрісінің жəне жылдамдықтың векторлар бағыттарының 
арасындағы бұрыш. 
Саңылаудағы магнит өрісі р бұрышы: 
e
L
= B1

= B
m
1vsin α = B
m
1vsin ω t. 
 
Катушка орамдарының саны ω болғанда, катушканың белсенді 
жақтарының саны 2ω тең болады. Онда катушкадағы ЭҚК 
е = e

2ω = 2B
m
ω1v sin ωТ = E
т 
sinωТ, 
мұндағы Е
т
— ЭҚК максималды мəні, Е
т 
= 2B
m
ω1v. 
Осылайша, генератор ЭҚК синусоидалық заң бойынша өзгереді. 
Егер генератордың қысқыштарына жүктеме қоссақ, онда ол арқылы 
синусоидалық заң бойынша өзгеретін тоқ ағады. Синусоидалық 
тоқтың графигі i = I
m
sinωt 2.2-суретте келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет