54
3
Қабылдағыш фазаларын жалғау схемасы («жұлдыз» немесе
«үшбұрыш») энергия көзі орамын жалғау схемасына байланысты емес.
Электрқабылдағышты үш немесе төрт
қысқышы бар энергия көзіне
жалғайды. Үш қысқыш кезінде (А, В жəне С) энергия көзінің орамдары
бейтарап нүкте шығысынсыз «жұлдыз» түрінде де, «үшбұрыш» түрінде де
жалғана алады. Төрт қысқышта (А, В, С жəне N) энергия көзінің орамдары
шығарылған бейтарап нүктемен «жұлдыз» түрінде жалғанған. Қабылдағыш
фазалары бейтарап сыммен тек осы жағдайда «жұлдыз» түрінде
жалғана
алады. Солайша, энергия көзінің фазаларын жалғау тəсілінен тəуелсіз, үш
фазалы тізбектің желілік смыдары арасындағы желілік кернеулер бірдей
жəне фаза бойынша бір біріне қатысты 2π/3
бұрышқа жылжытылған,
салдарынан олардың лездік мəндерінің немесе векторларының сомасы
əрқашан нөлге тең. Алайда, энергия көзі фазаларын «үшбұрыш» түрінде
жалғау кезінде желілік кернеулер мəндері сол энергия
көзінің фазаларын
«жұлдыз» түрінде жалғау кезіндегі желілік кернеулер мəндерінен
есе
аз болады.
Қарастырылған «жұлдыз»-«жұлдыз» жəне «үшбұрыш»-
«үшбұрыш» жалғауларынан басқа, тəжірибеде сондай-ақ «жұлдыз»-
«үшбұрыш» жəне «үшбұрыш»-«жұлдыз» жалғаулары да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: