Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет35/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

4.2. 
ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ. 
ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫНЫҢ ДӘЛСІЗДІКТЕРІ 
 
Электрлі өлшеулердің екі негізгі əдісі бар: тікелей бағалау 
жəне салыстыру əдісі. Тікелей бағалау əдісінде өлшенетін шаманы 
тікелей аспап шкаласы бойынша есептейді. Бұл ретте өлшеу 
аспабының шкаласын алдын ала эталонды аспаппен өлшенетін шама 
бірлігінде бөліктейді. Әдетте, мұндай бөліктеу аспапты өндіру 
кезінде зауытта жасалады. Бұл əдістің артықшылығы – 
көрсеткіштерді есептеудің ыңғайлылығы мен өлшеуге кететін 
уақыттың аз шығындалуы. Тікелей бағалау əдісі технологиялық 
үдерістерді бақылау мен реттеу үшін техниканың əр түрлі 
салаларында, далалық жағдайларда, қозғалмалы объектілерде жəне 
т.б. кеңінен қолданылады. Әдістің кемшілігі – өлшеулердің 
салыстырмалы жоғары емес дəлділігі. 
Салыстыру əдісінде өлшенетін шаманы тікелей эталонмен
үлгілік немесе жұмыс өлшеммен салыстырады. Бұл жағдайда өлшеу 
дəлділігі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Салыстыру əдісі 
көбінесе зертхана жағдайларында пайдаланылады, ол күрделі 
аппаратураны, операторлардың жоғары біліктілігі мен айтарлықтай 
уақыт шығынын қажет етеді. Соңғы уақытта салыстыру 
аппаратурасының автоматтандырылуы артуда. 


60 
Тікелей бағалаудың электрлі өлшеу аспаптары өлшенетін 
шаманың сандық мəнін шкалада немесе құралдың цифрлық 
құрылғысында есептеуге мүмкіндік береді. 
Үздіксіз шаманы өлшеу кезінде кейбір дəлсіздік ∆ – өлшенетін 
шаманың өлшенген А
из
жəне шын А мəндері арасындағы айырма 
болуы мүмкін: 
∆ = А
из
- А 
Бұл айырма өлшеудің абсолютті дəлсіздігі деп аталады. Ол 
аспаптың жүйелік жəне кездейсоқ дəлсіздіктерімен, сонымен қатар, 
оператор қателерімен анықталады. 
Өлшеулерді 
толығырақ 
сипаттау 
үшін 
өлшеудің 
салыстырмалы дəлсіздігі 5, % ұғымы енгізіледі: 


A
из

А
100 


100. 
А 
А 
 
Д жəне 5 шамалары өлшеу дəлділігін сипаттайды. Көптеген 
жағдайларда аспап дəлділігін сипаттау қажеттілігі туындайды. Осы 
мақсатта өлшеудің келтірілген дəлсіздігі ұғымы у, % енгізіледі: 



A
max 
100, 
мұндағы А
мах 
– аспап шкаласының максималды мəні, яғни, 
өлшенетін шаманың шекті мəні. 
Ең үлкен келтірілген дəлсіздік құралдың дəлділік класын 
анықтайды. Егер, мысалы, амперметрдің дəлділік класы 1,5 тең 
болса, ең үлкен келтірілген дəлсіздік γ = ±1,5% екенін білдіреді. 
Негізгі жəне қосымша дəлсіздіктер бөлінеді. Негізгі дəлсіздік 
аспап төлқұжатында жəне шкаладағы шартты белгілерде көрсетілген 
қалыпты жұмыс жағдайларында туындайды. Қосымша дəлсіздіктер 
құралды қалыптыдан ерекше (қоршаған ортаның температурасы 
жоғары болуы, күшті сыртқы магниттік өрістер, құралды дұрыс 
орнатпау жəне т.б.) жағдайларда пайдаланған кезде туындайды. 
4.1-мысал. Амперметр 10 А көрсеткен жағдайда, 1,5 дəлділік 
класындағы 30 А амперметрмен тоқты өлшеу кезіндегі дəлсіздікті 
анықтау. 


61 
Ш е ш і м і. Құралдың 1,5 ең үлкен абсолютті дəлсіздігі 



1, 5 
30 

0, 45 %. 
100 
Демек, тоқтың шынайы мəні 9,55...10,45 А 
шектерінде, 
ал 
өлшеудің 
салыстырмалы 
дəлсіздігі 



0, 45
100 

4, 5 %. 
10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет