Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет51/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

5.7. 
ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Үш фазалы күштік трансформатор. Симметриялы жүктеме 
жағдайында, бір фазалы трансформаторлардың барлық параметрлерін үш 
фазалы трансформатордың əрбір фазасына жатқызуға болады. 
Үш фазалы тоқтар жүйесін трансформациялау үшін, трансформатор 
тобын – бір агрегат ретінде қызмет ететін үш бір фазалы трансформаторды 
пайдалануға болады. Алайда, үш бір фазалы трансформаторды бір үш 
фазалы аппаратқа біріктіру жəне бұл ретте материалдарды үнемдеуге 
болады. Үш фазалы трансформатордың негізгі элементтерін қарастырайық 
(5.3 сур.). Трансформатордың магнит сымының əрбіреуінде сəйкес фазаның 
бастапқы жəне қосымша орамдары орналастырылған үш өзегі бар. 
Трансформаторды электр беру желісіне қосу үшін, бак қақпағында ішінде 
мыс өзектер өтетін фарфор оқшаулағыштар түріндегі енгізулер бар. 
Жоғары кернеу енгізулерін А, В, С əріптерімен, төмен кернеу енгізулерін – 
а, в, с əріптерімен белгілейді. 


90 
5.3 -сурет. 
Үш фазалы трансформатордың схемасы: 
а – үш бір фазалы трансформатор; б – үші фазалы өзекті трансформатор 
Трансформатордың əрбір фазасының жоғары (ВН) жəне төмен (НН) 
кернеу орамдарын өзекте шоғырлас, бірінің үстіне бірі орналастырады. 
Әдетте өзекке жақын НН орамын орналастырады. 
Үш 
фазалы 
трансформатордың 
жұмыс 
принципі 
мен 
электромагниттік үдерістер бұрын қарастырылғандарға ұқсас. Үш фазалы 
трансформатордың ерекшелігі – желілік кернеулердің трансформация 
коэффициентінің орамдарды жалғау тəсілінен тəуелділігі болып табылады. 
Үш фазалы трансформатор орамдары «жұлдыз» немесе «үшбұрыш» 
схемасы бойынша қосылады (5.4 сур.); бұл ретте орамдарды қосу 
схемалары бөлшекпен белгіленеді (алымында жоғары кернеулі орамдарды 
жалғау схемасы, бөлімінде – төмен кернеулі орамдарды жалғау схемасы 
көрсетіледі). Үш фазалы трансформатордың екі орамын «жұлдыз» схемасы 
бойынша қосу – ең қарапайым жəне арзан, қуаты аз жəне орташа 
трансформаторлар үшін қолданылады. Бұл қосылу жоғары кернеулерде ең 
дұрыс, себебі мұндай схемада орамдар оқшаулауы тек фазалық кернеуге 
есептеледі. Неғұрлым кернеу жоғары жəне тоқ аз болса, «үшбұрыш» 
схемасы бойынша қосу соғұрлым қымбат. Орамдарды «үшбұрыш» схемасы 
бойынша қосу үлкен тоқтарда құрылымдық тұрғыдан орынды. 
5.4 -сурет. 
Үш фазалы трансформатор орамдарын қосу тəсілдері 


91 
Трансформаторлық 
аралық 
станцияларда 
үш 
фазалы 
трансформаторларды бастапқы желіге жəне ортақ тұтынушыға 
параллель қосу пайдаланыла алады (5.5 сур.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет