103
үдерістердің экологиялық тазалығы,
дара қуатты кең диапазонды
машиналарды жасау мүмкіндігі, қызмет көрсету мен басқарудың
қарапайымдылығы мен жайлылығы – электр машиналарын адам
өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданудың негізгі себептері.
Солайша, кез келген электр машинасы жұмыс барысында
қызады жəне оның бөліктерінің температурасы жоғарылайды.
Электр машинасы үшін белгіленген пайдалану
мерзімінің ішіндегі
сенімді жұмыс үшін машина бөлшектерінің (ең алдымен, оның
орамдарының) қызу температурасы рұқсат етілген мəндерден
аспауы маңызды. Ол белгіленген габариттік өлшемдер мен
салқындату тəсілдеріндегі машина қуатының шектелуіне əкеледі.
Электр машинасының қуаты неғұрлым көп болса, оның габариттік
өлшемдері соғұрлым үлкен болуы
немесе онда салқындатудың
тиімдірек тəсілдері қолданылған болуы тиіс. Жиі электр
машиналарында екі фактор бірден қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: