159
Электр жетектерін басқаруды автоматтандыру негізінен іске
қосуды, тежеуді жəне тоқтатуды автоматтандыруға,
қозғалтқыш
қыза бастағанда резисторлардың біртіндеп ауысуына жəне
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда айналу жиілігін реттеу кезінде
олардың параметрлерін өзгертуге əкеледі.
Электр жетектерді автоматты басқарудың негізгі принциптері
функционалдық тəуелділік бойынша əртүрлі шамаларға сəйкес
бөлінеді:
■
тоқ
функциясы ретінде басқару, яғни электр қозғалтқышының
орамдарымен ағатын тоқтың мəніне байланысты;
■
уақыт функциясы ретінде басқару, электр қозғалтқышының
тізбегіндегі ауыстырып қосулар бойынша екі көрші операциялар
арасындағы
белгіленген
уақыт
ұсталымын
белгілеуге
негізделген;
■
электр жетектің айналу жиілігінің функциясы ретінде;
■
қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін атқарушы механизмнің
жол функциясы ретінде басқару.
Бірақ басқарудың бірдей схемаларында автоматты басқарудың
əртүрлі приницптерін жиі қолданады. Бұл ретте басқарудың күрделі
схемалары қалыптасады, жəне де олардың ішінде əрқашан жеке
электр жетектерін басқару схемаларын бөлуге болады.
Тұрақты жəне айнымалы тоқтың
электр жетектерін автоматты
басқарудың үлгілі схемасын қарастырамыз.
Қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты магнитті іске
қосқыш көмегімен басқаруға болады.
Магнитті іске қосқыш жалпы
қаптамамен жабылған контакторлардан, жылулық реле жəне
түймелік станциядан тұратын аппаратты айтады. Магнитті іске
қосқышты қозғалтқыштан кез келген қашықтықта операторға
ыңғайлы жерде орналастырады.
Басқару
схемасына
сəйкес
(10.5-сурет)
асинхронды
қозғалтқышты екі айналу бағытында автоматты іске қосуға болады:
«Алға» (Ал) жəне «Артқа» (Ар), жəне де оны тоқтату. Ол үшін
магнитті іске қосқыштың екі контакторы (Ал, Ар) жəне үш
түймеден тұратын (Ал, Ар жəне «Стоп») түймелік станциясы бар.
Қысқа
тұйықталудан
қозғалтқыш
сақтандырғыштармен
қорғалған. Шамадан тыс жүктеме туындаған
кезде басты тізбекке
тізбектей жалғанған 1PT жəне 2PT жылу релесінің қыздыру
элементтері олардың бірі (немесе екеуі бірге) іске қосылып,
контакторлар катушкаларымен басқару тізбегіне тізбектей
жалғанған контактілер 1PT жəне 2PT ажыратылатындай етіп
қыздырылады. Басқару тізбегі «Стоп» түймесімен
орындалатын
жолмен ажыратылады жəне қозғалтқыш сөндіріледі.