қызметі болып табылады.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 13
1. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған
өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының
барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат
арқылы ғана емес, сонымен
бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси
жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
ПринциптеріӨңдеу
Саяси билік принциптері -
легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр
бермеу принципі.
ӘдістеріӨңдеу
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен
түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы
жүзеге асырылады.
2. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси
мінез-құлық.
1)Саяси әлеуметтену үлгілері -
жүйелік - билікке, құқықтық тәртіпке, дәстүрлі институттарға позитивті
қатынасты қалыптастырумен
сипатталады. Әлеуметтенудің негізгі агентуралары болып мектеп пен отбасы,
сондай-ақ, тұлғаның қоршаған ортасы, оның құрбылары табылады;
гегемониялық -«өзінікінен» басқа кез-келген әлеуметтік және саяси
жүйеге дұшпандық көзқарастағы жастарды қалыптастырады. Бұл үлгідегі
жетекші агентуралар болып бұқаралық ақпарат құралдары табылады;
плюралистік - азаматтардың өз саяси мүдделері туралы көзқарасын, оларды
жүзеге асыруға қатысу тілегін, азаматтық белсенділіктің жоғарғы деңгейін
қалыптастыру.
3)Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
. Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан.
Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының
қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және
криминалды мінез-құлық
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға
жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң
бұзушылықпен ерекшелінеді.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот
үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты
жазаланады.
|