3.
Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар.
Ақпаратты жинау әдістері. Мәліметтерді талдау.
Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық
фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу -
тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы
деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және
ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік
жүйесі. Әлеуметтік зертттеулер — қоғамды
біртұтас әлеуметтік-
мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық
ақпараттарды
жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен
тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Социологиялық
зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу
үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік
беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
1. Мақсаты және теориялық бағдары.
2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды
таңдау әдісі.
3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан
анықталады.
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық
зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда
бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді
шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің
тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.
Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және
айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды
көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат
етіп қоюдан бас тарту керек.
Достарыңызбен бөлісу: