Музыка теориясының негіздері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата02.01.2024
өлшемі240.44 Kb.
#488379
1   2   3   4   5   6
Рахметова Акнур

1 Дыбыс. Ноталық жазу
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады: 
1) музыкалық дыбыстар; 
2) шулы дыбыстар. 
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір 
дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар 
дыбыстар. 
Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., 
«nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, 
ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай 
санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын 
бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады: 
1) скрипка (соль) кілті; 
2) бас (фа) кілті; 
3) алть (до) кілті. 
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға 
арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы 
регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы. 
Тақырыпқа тапсырма: 
а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу; 


б) ноталардың әріптік атауларын білу; 
в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау
г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T. 
2 Өлшем және ырғақ. Екпін
Музыкалық шығармадағы күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін 
өлшем деп, ал ырғақ деген түсінік – музыканың әуенін бір уақытқа бағындыра отыра және 
оның дыбыс қатарын атаймыз. 
Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін дейміз. Екпін белгілері 
негізгі үш топқа бөлінеді: жай, орташа, жылдам. Музыкадағы екпінді анықтау үшін итальян 
сөздері қолданылады. 
Жай екпіндер: 
Zargo – кең, еркін, жай 
Zento – ақырын, созылыңқы 
Adaqio – жай, маңғаздана 
Grave – ауыр, салмақты, мұңды 
Zarqietto – кең үнмен 
Орташа екпіндер: 
Andante – сабырмен, асықпай 
Andantino – кішкене тезірек 
Moderato – орташа, екпінмен 
Sostenuto – ұстамды, байсалды 
Allegretto – кішкене жайырақ 
Allegro moderato – орташа, жылдам
Жылдам екпіндер: 
Allegro – тез, жылдам 
Vivo – шапшаң, тез 
Vivace – Vivo- дан да шапшаң 
Presto - өте жылдам 
Prestissimo – жоғары дәрежеде жылдам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет