13
ликвацияға көнгіштігі, сызаттар тудыру, газдар жұту, ұсақ тесіктілік және
т.б.
Сұйықаққыштық – металдармен қорытпалардың балқыған түрінде
құю қалыбынанканалдарымен ағу,
оның қуыстарын толтыру және
құйманың контурын дәл іске жаңғырту қабілеттілігі.
Құю қорытпалардың сұйықаққыштығы кристалдандыру
интервалының температурасына, құю температурасына және формасына,
форма қасиеттеріне, тұтқырлығына және балқудың сыртының тартылуына
және т.б. байланысты.
Тұрақты температурада қатты
болатын таза металдар мен
қорытпалар (эвтектикалық қорытпалар) қатты ерітінділер жасайтын және
температура интервалында қатты болатын қорытпаларға қарағанда жақсы
сұйықаққыштыққа ие болады. Бұны тұрақты температурада немесе
температураның тар интервалында (30
0
С-тен жоғары емес) қатаятын
қорытпаларға каналдың сыртындағы толық қатты түйірлер түзумен
қорытпаның бір ретті қатаюмен сипатталатыныментүсіндіруге болады(4.3,
а сурет). Каналды толтыра ағу қабілеттігі
бар сұйық қорытпа каналдың
ішінде бар. Бұндай балқымалардың жылжымалығы құймада 60-80%
қатты
фазаны алғанша сақталады. Құймаларда жоғары тығыздықты және
саңылаусыздықты қамтамасыз ететін бағанды құрылыс пайда болады.
Қатудың кең интервалына ие қорытпалар (100
0
С артық) және қатты
ерітінді түрінде қатаятын қорытпалар балқымада ағынның бүкіл қимасы
бойынша тармақты дендриттерді құрастырады (3,б сурет). Осындай
өлшенген дендриттермен сұйық балқыма көлемнен 20…30% қатты
фазасының болуында құйма қалыптың каналдарында ағу қабілеттілігін
жоғалтады.
Құю
және
құю
қалыптың
температурасы
жоғарлауы
қорытпалардыңсұйықаққыштығын жоғарлатады.
Тұтқырлық
пен
сыртқы
тартылуы
құю
қорытпалардың
сұйықаққыштығына мүлдем әсер етпейді.
3сурет- Балқыма ағынының құю қалыпты каналда тоқтау механизмінің
сұлбасы.
14
а-температураның кіші интервалында қататын қорытпалар мен
эвтектикалық
қорытпалар; б-температураның кең интервалында қататын
қорытпалар.
Толық және берік оксидті көбік тудыратын жоғарғы қышқылдануға
бейім қорытпалар төменгі сұйықаққыштыққа ие, себебі құю кезінде
оксидті қабық балқыған металдардың ішкі үйкелісін
арттыра отырып
балқымалардың ағуына кедергі жасайды.
Бірақ, жеңіл балқу сұйық фазалар тудыратын оксидті қабықтар
керісінше, сұйықаққыштыққа жақсы әсер етеді. Қалыптың материалының
жылу өткізгіштігін арттыру сұйықаққыштықты азайтады. Осылай, құмды
қалып жылуды баяу қайтарады, және балқыған металл оны металл
қалыпқа қарағанда жақсы толтырады.
Құю қорытпалардың сұйықаққыштығын
арнайы технологиялық
сынама белгіні құю арқылы анықтайды (4-сурет). Балқыған металды
саңылауы графитті тығынмен жабылған айшанағына құяды. Тығынды
көтергеннен кейін металл баяу ғана шиыршықты толтырады.
Сұйықаққыштығын
шамасы
ретінде
миллиметрмен
өлшенетін
шиыршықтын
толған
бөлігінің
ұзындығын
алады.
Жоғарғы
сұйықаққыштыққа сұр шойын, ал ең төменгі сұйық аққыштыққа
магний
қорытпалары ие.
Шөгу– қатумен суыту кезінде құйма қорытпалардың көлемді
кішірейту қасиеті. Шөгу процестері балқыған металды қалыпқа құю
сәтінен құйманың толық суығанша созылады. Шөгуді салыстырмалы
бірлікте анықталатын сызықты және көлемді депажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: