Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да 
форма - әдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына 
негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған 
ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі. 
Тақырып - өнер туындысының іргетасы.
Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем 
шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді. 
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – 
жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген 
ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. 
Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады. 
Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны 
секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. 
“Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда 
болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға 


17 
орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып
тұтаса береді”. 
Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра 
бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем 
шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап 
алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы 
жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының 
идеясы туады.
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан 
бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. 
Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес. 
Тақырып пен идеяның бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен 
ойшылдар айтқан аса кемел пікірлер көп. Мәселен, XIX ғасырда Белинский 
көркем шығарманың идеясын “оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен 
сезімнің мығым бірлігі” деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның 
такырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: “Ой 
мен сезім — кұс десек, тақырып — аспан; ой мен сезім — бұғы десек, тақырып 
орман; ой мен сезім — елік десек, тақырып — тау; ой мен сезім — жол десек, 
тақырып — сол жол алып баратын шаһар”. 
Суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының 
түпкі түйіні — ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, 
идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. 
“Ой өзегі — шығарманың негізгі арқауы» (А. Толстой). 
Әр жазушыда әр шығармасын жазар алдында осындай ой өзегі болмаса, 
оның шығармасында оқырманга қажет өмірлік өзекті мәселе де болмайды және 
ондай шығарма қалың көпшіліктің қаламгер алдына қояр заңды сауалына жауап 
та бере алмайды. Ал “сауалы жоқ немесе сауалға жауабы жоқ шығарма — өлі 
шығарма” (Белинский). 
Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы — сауал да, идеясы—жауап 
деуге болар еді. Бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір 
тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін.
Мысалы, XIX ғасырдың алпысыншы жылдарында бірнеше орыс 
жазушысы бір ғана тақырыпқа бірнеше роман жазды: Тургеневтің “Әкелер мен 
балалары», Гончаровтың “Жарқабағы”, Писемскийдің “Тулаған теңізі», Лесков-
Стебницкийдің “Барар жер жоғы», Чернышевскийдін “Не істеу керегі» т. б.— 
бәрі сол кездегі Россияны түгел қамтыған революциялық-демократиялы-
қозғалысқа, атап айтқанда, нигилистерге арналды. Бірақ осы бір ғана 
тақырыптан туғызған әрқайсысының идеясы әр тарап, бір-біріне қарама-қарсы: 
“жаңа адамдар” атанған әр лауазымды күрескерлерді бірі жан сала жақтаса, 
олардың геройлық образ ретіндегі үлгілерін жасаса, бірі “басы артық 
адамдарға” әшейін іштей тілектестіктен әріге бара алмайды да, енді біреулері 
оларға ымырасыз қарсы шығып, тіпті жала жабады, жазғырады, нигилистердің 
сатиралық типін жасамақ болады. Мұның бәрі — әр тарап дүние танымға 
негізделген идеялық қарама-қарсылықтар. 


18 
Дүние танымы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір 
тақырыпқа жаза қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы 
қажет, әр-қайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс. Мәселен, 
Мұқановтың “Ботакөзі», Есенжановтың “Ақ Жайығы», Нұрпейісовтің “Қан мен 
тері» — бір такырыпқа — тарихи-револоциялық тақырыпқа — жазылған 
романдар. Әр романның идеясы өзінше, нұсқалы, бірін-бірі қайталамайды және 
әр жазушының ортак, тақырыптан туған идеяны көркем жинақтау мәнері 
өзінше, машығы бөлек, бұл реттен де бірін-бірі қайталамайды. Демек, бұл арада 
да бір тақырыптан біреу емес, бірнеше идея туып тұр. Бірақ бұлар бір-біріне 
кереғар жатқан жоқ. Өйткені бұл жазушылардың әрқайсысының о бастағы ой 
өзегі бір-біріне бағыттас, ұқсас, сыбайлас. Сондыктан бұл — идеялық қарама-
қарсылық емес, бірлік: дүниеге көзқарастары бір тұрғыдағы бірнеше 
жазушының бір такырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше, бірін-бірі 
толықтырар бірнеше идея туғызуы. Бұл өзгешеліктің түп-тамыры әр 
жазушының тек өзіне ғана тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік 
творчестволық ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр 
қырынан жарқыратып ашып, оған әркашан жаңа, жас мазмұн мен пішін бере 
білген. 
Шындық— күрделі болса, одан туған шығарма да —күрделі. Өмірдегі 
оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр 
алуан. Демек, бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы 
шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, әрине, солай болуы 
мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта, немесе кең көлемді 
эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея 
болады. Бұлардың әрқайсысын өз алдына бөлек — бұтарлап әкетіп, жеке-жеке 
мән, мағына беретін кездер де болады. “Рюи Блаздағы» — депті Виктор 
Гюго,— философиялық тақырып — биікке ұмтылған халық; адамдық тақырып 
— әйелді сүйген еркек; драмалық тақырып — ханымға ғашық малай”. 
Бұл арада В. Гюго өзінің бір пьесасындағы бірнеше тақырыптың тек екеу-
үшеуін атап отыр. Осы секілді бірнеше тақырып немесе бірнеше идея көлемді 
шығармалардың, көбінен кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет