Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Бораған ақ тозаңдайсың
Келдің-ау күттірмей-ақ Гөзәл қысым!
Зат есім теңеулер. Мысалы: 
Жұмыс істе! 
Бөрідей жаланғанша, 
Кірпіш болып заманға қаланғанша. 
Қорқатұғын түгі жоқ кәріліктен, 
Бала-шағаң, 
Кемпірің аман болса! 
Септеулік теңеулер. Мысал: 
Жігерінен айрылған жыр сұлық,
Сұлық жырға сыншы тілін жүр сұғып. 
Билік күттік ханзада сынды тақ күткен,
Ол итің де келмей қойды қырсығып.
Ұйқасқа құрылған теңеулер. Мысал: 
Айтылмаған назымдай,
Оралмаган жазымдай 
Ойлар қалды қазылмай,
Өлең қалды жазылмай.
Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура 
біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. 


37 
Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы 
авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай. 
Айқындау сияқты теңеудің де құны көркемдігінде, ойламаған жерден 
өзгеше өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында 
жатады. 
 
9 Әдеби тілді құбылту тәсілдері 
 
Шығарма тілін көріктеу үшін троп - сөздің мағынасын ауыстырып
өзгертіп қолдану әдісі қолданылады.
Троптың түрлері: метафора, кейіптеу, заттандыру, эпитет, перифраз
метонимия, гиппербола, литота, тавтология,оксюморон, символ, т.б.
Л.И. Тимофеевтің айтуынша, троптың тілдік үш міндеті бар:
1. Танымдық (познавательный),
2. Даралаушылық (индивидуализирующий),
3. Жеке көзқарастық бағалау (субъективно-оценочный). 
Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинациялардың 
бойынан табылып жатады. 
А.А. Потебняның осыған ұқсас бір ойы бар. Ол «Өз жадында көптеген 
поэтикалық образдар жиынтығын жинаған адам өз иелігінде ұланғайыр ойлау 
массасына ие болады. Мұны жай сандарға тигізетін алгебраның әсерімен
салыстыруға болады. Алгебралық есеп жолын меңгерген жан бұл өрнекке кез-
келген санды қойып өзіне қажетті нәтижені ала алады. Бұл процесті ойды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет