Спецификациясы


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата19.01.2024
өлшемі1.71 Mb.
#489444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 
 
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына 
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды 
анықтауға бағытталған. 
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу 
мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 
2. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН 
ҚҰЖАТТАР 
 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Биология" пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 
3. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 
 
Оқушы: 
- қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен 
терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің 
себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады; 
- табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және 
олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс 
жүргізе біледі; 
- әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және 
белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық- ұғымдық 
аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі
- конструктивті шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістердің өзара 
байланысын, адам әрекетінің экожүйеге тигізетін әсерін ажыратады, сондай-ақ табиғатты 
сақтау қажеттілігін дәлелдейді; 
- экологиялық, техногенді және ақпараттық факторлар мен адамгершілік нормаларды 
ескере отырып, қоршаған болмыспен өзара әрекеттесу үшін жаратылыстану-ғылыми 
білімін көрсетеді. 
4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 
 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Сипаттама 
Тапсырмалар 
түрлері 
Білу және түсіну Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен 
тәсілдерді білу.
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе 
түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете 
білу. Дәлелдемелер мен мысалдар келтіре 
отырып алған біліммен бөлісу, түйінді ойды өз 
сөзімен айту. 
КТБ - Көп таңдауы 
бар тапсырмалар 
ҚЖ - Қысқа жауапты 
қажет ететін 
тапсырмалар 
Қолдану 
Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған 
білімдерін және ақпараттарды қолдану. 
Модельдеу мен конструкциялау арқылы өз 
білімін көрсету. 
ҚЖ - Қысқа жауапты 
қажет ететін 
тапсырмалар 
ТЖ - Толық жауапты 
қажет ететін 
тапсырмалар 



Жоғары деңгей 
дағдылары 
Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін 
талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу 
және оны түсіндіру.
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас 
біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын 
моделдерді түсіндіру; дереккөздерден 
шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар, 
нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы 
туралы шешім шығару; қолайлы әдіс-
тәсілдерді және стратегияларды таңдай білу.
Зерттеуді жоспарлау, жасау және нәтижені 
интерпретациялау. 
ҚЖ - Қысқа жауапты 
қажет ететін 
тапсырмалар 
ТЖ - Толық жауапты 
қажет ететін 
тапсырмалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет