4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет3/62
Дата24.01.2024
өлшемі2.7 Mb.
#489683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
1670569056244 (1)

Алғы сөз
 
 
«Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес
жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі 
тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, 
сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, 
тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін».
 
Ж. Аймауытов
 
 
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге 
асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік 
дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары 
мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшілігін 
ескеріп құру, тілді тиімді меңгеруге септігін тигізеді. Коммуникативті дағдыларды 
басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып 
отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне үлкен 
мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушылардың 
сөздік қорын байыта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай орынды 
қолдануын жүзеге асырады.
Бұл әдістемелік құралды жазудағы мақсат – мұғалімдерге тілдік дағдыларды 
меңгертуде әдістемелік жағынан көмек көрсету. Аталған дағдылар туралы ақпараттар 
Кэмбридж басылымдары «The TKT course» (Cambridge University Press, 2011) және 
терминдерге анықтама «The TKT glossary» (UCLES, 2011) кітаптарынан алынды. Бұл 
кітаптарда айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым туралы негізігі түсініктер 
мен оны ұйымдастыру жолдары берілген. Сонымен қатар осы дағдыларды меңгертуге 
арналған сабақ үлгілер мен белсенді оқыту тапсырмалары ұсынылып отыр.
Жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын сипаттау барысында қазақ 
тілінің тілдік ерекшелігі және қолданыстағы терминдері ескеріліп, аударылды.


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет