Аппликация



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата26.01.2024
өлшемі401.17 Kb.
#489938
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
3 АППЛИКАЦИЯ

ҰОҚ-нің барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Педагог жұмбақ жасырады: 
Көше бойлап аяңдайды, 
Адам тасып аялдайды?(Автобус) 
Ғажайып сәт. Топқа есік қағып Айдар мен Айсұлу есімді қуыршақтар 
келеді. Қуыршақтардың көңіл күйлері жоқ, өйткені күнде серуенге шығатын 
мәшинелері сынып қалыпты.
Педагог:
–Айдар мен Айсұлуға көмектесейік, оларға мәшине жасап берсек қайтеді
балалар? 
2. Негізгі кезең. 
Педагог:
– Бүгін біз мәшинені жапсыруды үйренеміз.
Үлестірмелі материалға назар аударады. 
– Мәшиненің пішіні қандай?
–Мәшине қандай көлік түріне жатады?


13 
–Оның көлемі үлкен және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар 
терезелері, дөңгелектері, негізгі бөлігі (корпусы) болады. Енді мәшине 
бөліктерін геометриялық пішіндерден жапсырамыз. 
–Ең алдымен негізгі бөлігін жапсырамыз. Содан кейін доғал бұрышын,
терезелерін, дөңгелектерін жапсырамыз. Сонымен қатар, оның шамдары мен 
вамперлері де болады. 
Сергіту сәті: 
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-жетіп толамыз. 
Көкке қарап талпынып
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай қалықтап. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Бір тынығып алайық.
Педагог балалармен нұсқау бойынша жеке жұмыс жасайды.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 
Балаларға сұрақ қояды:
– Балалар, жасаған жұмыстарың қызық болды ма? Бүгінгі жасаған 
мәшинелерімізді Айдар мен Айсұлуға сыйлайық. 
 
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі 
Білім беру саласы:шығармашылық. 
Бөлімі:аппликация. 
Тақырыбы:Шырша шамдарын жағамыз. 
Мақсаты:ересектер даярлаған ірі және ұсақ бөліктерді орналастыруға және
желімдеуге үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет