15
–Балалар, біз бүгін нені үйрендік? Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?
Шыршаны біз немен безендірдік?
Балаларды марапаттайды. Ата-аналарға көрмеұйымдастырады.
№5 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: аппликация.
Тақырыбы:Ұзын құлақ ақ қоян.
Мақсаты:дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға дағдыларын
қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қоян туралы түсінік беру; қоянның дене
бөліктерін атай
білуді, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс
орналастыра білуді
үйрету.
Дамытушылық міндеті:жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті:жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: қоянның дене мүшелерін, оларды рет-ретімен жапсыруды;
түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінін;
қолданады: қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,
сүрткіш, желім жаққыш, ойыншық қоян.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақ
.
Билингальді компонент: қоян – заяц, ұзын –длинный.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт. Топқа секіріп қоян келеді:
Қайырлы күн, достар!
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Армысың, шапағатты Күн-ана!
Армысың, шапағатты Аспан-ана!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!
Қоян балаларға сұрақ қояды:
–Қазір жылдың қай мезгілі? Мен қыстыгүні қайда мекендеймін?
Қыста
далада мекендейтін тағы қандай жануарларды білесіңдер? Қоянның түсі,
құлағы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: