1. статистика пәні және оның міндеттері


Статистика пәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

1.2. Статистика пәні мен міндеттері 
Статистика - бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, 
олардың құрамы мен дамуын, өзара байланыстарын сол құбылыстардың сапалық 
ерекшеліктерін ескере отырып, сан жағынан белгілі бір орынға, мерзімге 
байланысты сипаттайтын қоғамдық ғылым. 
Бұл анықтамада статистика ғылымының мынадай негізгі ерекшеліктеріне 
көңіл аударылған: 

статистика – қоғамдық ғылым; 

статистика бұқаралық қоғамдық құбылыстарды зерттейді; 

статистика бұқаралық құбылыстарды сандық жағынан сипаттайды; 

статистика қоғамдық құбылыстарды олардың сандық 
және 
сапалық ерекшеліктерін тығыз байланыстыра отырып сипаттайды; 

статистикалық көрсеткіш құбылыс болған жерді, уақытты анықтайды. 
Қазіргі кезде «статистика» сөзі мынадай мағынада қолданылады: 
 статистика – қоғамдық құбылыстар туралы деректерді, мәліметтерді 
жинайтын, өңдейтін, оларды талдап, жариялайтын практикалық әрекет саласы; 
 статистика – қоғамдық құбылыстарды сипаттайтын сандық 
көрсеткіштердің жиынтығы; 
 статистика – жоғары оқу орындарында оқылатын пән. 
Статистика ғылым ретінде төмендегі пәндердің біртұтас жүйесін құрайды: 
- статистика теориясы; 
- экономикалық статистика және оның салалары; 
- әлеуметтік статистика және оның салалары. 
Статистика теориясы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеудің 
жалпы принциптері мен статистикалық әдістері туралы ғылым болып саналады
яғни бұқаралық қоғамдық құбылыстарды статистикалық зерттеудің әдістемесін 
жетілдіреді. Сондықтан статистика теориясы барлық салалық статистиканың 
әдістемелік негізі болып саналады. 
Адамзат тарихы статистикалық мәліметтерсіз мемлекетті басқару
экономика салалары мен секторларының дамуын, олардың арасындағы тиімді 
пропорцияны қамтамасыз ету мүмкін еместігін көрсетті. Сондықтан 
статистиканың негізгі міндеттері болып мыналар саналады: 

қоғамды нақты, шынайы мәліметтермен қамтамасыз ету

әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бақылау: 

ғылыми және практикалық статистиканың әдістемесін жетілдіріп отыру; 

экономика дамуындағы үрдістерді бақылау және болжау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет