Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет10/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

1.7. 
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік 
жүйесі 
Өлшеу құралдарын калибрлеу метрологиялық сипаттамалардың 
нақты мәндерін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылау 
мен қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарын қолдану жарамдылығын 
анықтау және растау мақсатында орындалатын операциялардың 
жиынтығын құрайды.
Өлшеу құралының жарамдылығы дегеніміз нормативтік құжатта 
баяндалуы немесе тапсырыс берушімен анықталуы мүмкін, оның 
метрологиялық сипаттамасы бұрынғы белгіленген техникалық 
талаптарға сәйкес келуі. Өлшеу құралының жарамдылығы туралы 
қорытындыны калибрлеу зертханасы жасайды.
Калибрлеу біздің елімізде бұрын болған мекемелік тексеруді және 
өлшеу құралының метрологиялық аттестациясын алмастырды.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) органдары жүзеге 
асыратын тексеруден өзгешелігі, калибрлеуді осы жұмысты білікті 
орындауға арналған тиісті жағдайы болуы кезінде, кез келген 
метрологиялық қызмет (немесе жеке тұлға) жүргізе алады. Калибрлеу 
— ерікті операция және мұны кәсіпорынның өзінің метрологиялық 
қызметі орындай алады. Бұл оның алдында айтылғандай, тексеруден 
тағы бір айырмашылығы, міндетті және ММҚ органдары тарапынан 
бақылауға жатады.
18 


Экономикасы дамыған елдерде калибрлеу жұмыстары өнімнің 
бәсекеге қабілетін арттыру негізінде сәтті дамуда әрі кеңеюде және бұл 
ретте тексеруге (міндетті қызмет ретінде) өлшеу құралының шектелген 
номенклатурасы жатады.
Ресейде калибрлеуді енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпыға 
бірдей міндетті тексертуден бас тарту нәтижесінде Ресейдегі калибрлеу 
аспаптың дұрыстығына арналған бақылау процестерін мемлекет 
иелігінен алу өнімі болып табылады.
Ресейлік калибрлеу қызметі (РКҚ) ену еріктілігі, мемлекеттік 
эталонының физикалық шама бірліктерінің мөлшерін жұмыстық өлшеу 
құралдарына міндетті беру, кәсіпқойлық және РКҚ субъектілерінің 
техникалық құзыреті сияқты қағидаттарына негізделеді.
Кәсіпкерлердің РКҚ енуге ынтық болуының бастысы оның өнімінің 
сапа көрсеткішіне деген тұтынушы сенімін арттыруға тырысуы болса 
керек. Калибрлеудің Ресейлік жүйесін дамыту елдегі калибрлеу 
ұйымдарын да қамтитын сынақ зертханаларын аккредиттеу жүйесін 
қалыптастырумен қоса жүреді.
1.2-сурет. Ресейлік калибрлеу қызметінің сұлбасы 
19 


РКҚ сұлбасы
Бұдан басқа, РКҚ мүше болу калибрлеу қызметінің тиісті ақпараттық 
жеткізіп тұруымен қамтамасыз етіледі. РКҚ меншік қаражаты есебінен
өтелімдігі толық нақты қағида ретінде қарастырылады, себебі өлшеудің 
дәл және шынайы нәтижелеріне қажеттілік өсе түсуде. 1.2-суретте РКҚ 
сұлбасы ұсынылған. 
Өлшеу құралын калибрлеудің құқықтық негіздері «Өлшеу бірлігін 
қамтамасыз ету туралы» РФ 1993 ж.27.04 № 4871-1 Заңымен 
айқындалады. Өлшеу құралының осы заңына сәйкес, тексертуге 
жатпайтындар, өндірістен немесе жөндеуден шығару кезінде, импорт 
бойынша әкелім кезінде, пайдалану, жалға беру және сату кезінде
калибрлеуден өткізіледі. Сондай-ақ, Заң заңды тұлғалардың мүдделі 
метрологиялық қызметтерінің калибрлеу жұмыстарын жүргізу 
құқығына аккредиттелуі мүмкін болатынын нұсқайды. Аккредиттеу 
тәртібін Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық 
агенттік белгілейді. Қолданыстағы заңнаманы іске асыру мақсатында 
«ГСП. Калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына арналған заңды 
тұлғалардың метрологиялық қызметтерді аккредиттеу тәртібі» 
әзірленді. Бұл құжат Ұлыбританияда, АҚШ-та, ГФР-де және басқа 
елдерде ұлттық калиберлеу қызметтерін ұйымдастыруды талдау 
негізінде, сондай-ақ ПСО және МЭК басшылықтарына, EN 45001 — 
45003 стандарттарына және МЕМСТ Р жүйесіне сәйкес құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет