Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет100/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

12.4. Импульстік генераторлар 
Импульстік (релаксациялық) генераторлар импульстері бірізді 
генераторлар және импульстердің кодтық топтарының генераторлары 
болып бөлінеді. Тікбұрышты импульстердің мерзімдік реті бар 
генераторлар кеңінен қолданылады.
Импульстердің нақты пішіні тік бұрыш деуге келмейді, ол 12.11-
суретте көрсетілген. Бұл жағдайда техникалық құжаттарда көрсетілген 
мәндерден аспауы тиіс ауытқушылықтар орын алуы мүмкін. 
217 


Әдетте тікбұрышты импульстердің негізгі параметрлері келесідей 
болуы тиіс: 
1) Амплитуда мәні U
m
және шыңының құлау кернеуі U
cn
0,05 U
m
мәнінен аспауы тиіс; 
2) Қарқындау фронтының ұзақтығы ?
фн
, яғни уақыт интервалы, бұл 
кезде лездік мәні 0,1 бастап 0,9 амплитудалық U
m
мәніне дейін өседі 
(бұл уақыт импульстің барлық ұзақтығының 0,1-0,2 құрайды); 
12.12-сурет. Импульстік генератор: 
а  — құрылымдық сызбасы; б — уақыт 
диаграммалары 
218 
12.11-сурет. Нақты тікбұрышты импульстердің 
параметрлері


3) Құлау фронтының ұзақтығы t
ф
.
сп
, яғни кернеудің 0,9-0,1 U

аралығында
құлау уақыты (бұл уақыт импульс енінің 0,2-0,3 құрайды). 
Импульстің басты параметрі импульс ұзақтығы болып табылады.
Тұрақты қозғалатын, фронттары тік және шыңы жалпақ
тікбұрышты импульстерді қалыптастыруды автотербелісті және күту 
режимдерінде жұмыс жасайтын мультивибраторлар мен блокинг-
генераторлар 
жүзеге 
асырады. 
Мультивибраторларда 
бұл 
сипаттамаларға жиіліктің кварцтық тұрақтандырғышын қолдану 
есебінен қол жеткізіледі. 
Импульстік генератордың қарапайым құрылымдық сызбасы мен 
уақыт диаграммалары 12.12-суретте берілген. 
12.12-суретте 
(а
уақыт 
интервалдарын 
қалыптастырушы
автогенератор (Кв кілті 1-қалыпта) немесе күту режимінде (Кв кілті 2-
қалыпта) жұмыс жасай алады. Бір реттік қосып көру іске қосу 
батырмасының К
п
(қолмен қосу) көмегімен жүзеге асырылады. Т 
интервалы импульстердің қозғалу жиілігін f = 1/T анықтайды.
Импульстердің ұзақтығы сонымен атауы бірдей сызбадағыдай кешігу 
уақытына байланысты болады, яғни т
и
= т
з
(12.12-суретті қараңыз, б). 
Тікбұрышты импульстерінің ұзақтығына қарай импульстік 
генераторлар микро- және наносекундтық болып бөлінеді. Импульстік 
генераторлардың дәлдігінің класы амплитудасына, қозғалу жиілігіне 
және импульстің ұзақтығына қарай бөлек анықталады. Сонымен қатар 
генераторды пайдалану жөніндегі құжаттарда қарқындау фронтының 
ұзақтығы t
ф
.
н
және құлау фронтының ұзақтығы t
ф
.
сп
. ескеріледі. 
Амплитуда мәніне қарай дәлдік класы келтірілген дәлсіздік бойынша 
анықталып, ал қалған параметрлері бойынша өлшенетін шамадан 
салыстырмалы түрде ауытқушылыққа қарай анықталады. Оның үстіне 
уақыт параметрлерін орнату дәлсіздігі орташа есеппен бірнеше 
пайызға жетеді. Мерзімдік тікбұрышты импульстер генераторы Г5 деп 
таңбаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет