Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Электронды-сәулелік түтік



Pdf көрінісі
бет105/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

Электронды-сәулелік түтік. 
Шоғырланған сәулені алу тәсілі мен 
сәулені басқару процесін 13.6-
суретінде көрсетілген схеманың 
көмегімен түсіндіруге болады.
Жоғарыда аталып өткендей, 
қарапайым бір сәулелік түтік 
вакуумдық әйнек баллон болып 
табылады, 
оның 
ішінде 
төмендегілер орналастырылған: 
жылытатын катод К; модулятор 
(тор) М; фокустаушы анод Ац, үдетуші анод А
2
; өзара перпендикулярлы 
ауытқытушы пластиналардың екі жұбы, мұндағы X — көлденең және Y 
— тік пластиналар. Баллон (экран) түбінің ішкі беті люминоформен 
қапталған, ол электрондармен бомбылау әсерінен жарқырайды. К, М, 
Aj, A
2
электродтарының жиынтығы называется электрондық зеңбірек 
деп аталады, ол электрондардың бір шоқ сәулесін шығарады. Ол үшін 
электродтарға кернеулер беріледі, олардың жуық шамалары 13.6-
суретінде көрсетілген.
13.6-сурет. ЭСТ сәулесін басқару 
схемасы 
Жылынған катодтың жанындағы электрондық бұлт А
2
анодының 
жоғары потенциалының әсерінен үдеп, экранға қарай ұмтылады. 
Электронды сәуленің қарқындылығы М торының потенциалымен, ал 
оның фокустандырылуы —А

анодымен реттеледі. 
ЭСТ-нің басты сипаттамаларына сезгіштік, жиіліктерді өткізу 
жолағы, қалдық жарықтану ұзақтығы және экранның ауданы жатады.
Түтіктің сезгіштігі төмендегі формула бойынша анықталады 
мұндағы L
I
— ауытқытушы пластиналар жұбына қосылған U кернеуінің 
әсерінен түтік экранындағы сәуленің ауытқуы. Әдетте £
т
сезгіштік 
шамамен 1 мм/В құрайды. 
Зерттелетін сигналдың жиілігі артқан сайын, түтіктің сезгіштігі 
төмендейді. ЭСТ жиіліктерін өткізетін жолақтардың үстіңгі шекарасы 
сезгіштік шамамен 0,7 номиналды мәніне тең болған деңгейде 
орнатылады. Кең қоданыстағы әмбебап осциллографтарда бұл жиілік 
100 МГц-ке дейін жетеді.
231 


Қазіргі заманауи осциллографтарда көпсәулелі түтіктер жиі 
пайдаланылады, онда электродтар саны артылған. Ауытқытушы 
пластиналарға екі сигналды кезек-кезек беріп отыру режиміндегі 
бірсәулелі осциллографты (екі арналы осциллографтар) пайдалану өте 
қолайлы деп есептеледі. Бұл жағдайда түтіктің қалдық жарықтануының 
әсері мен экрандағы көздің қасиеттеріне байланысты кезек-кезек 
берілетін екі сигналдың бір уақытта көрсетілуі байқалады.
ЭСТ-тің маңызды параметрлері бірі – экранның жұмыс бөлігінің 
ауданы болып табылады, оның ішінде осцилограмманың бұрмалануы 
минималды деңгейде болады. Экранның аумағын пайдалануды 
жақсарту үшін заманауи ЭСТ экрандары тікбұрышты формада болады.
ЭСТ-тің 
анықтаушы 
параметрлеріне 
төмендегі 
жарық 
сипаттамалары жатады:
жарық таңбасының диаметрі, жарық деңгейі тиімді болғанда, ол 
ЭСТ-тің айыру қабілетін анықтайды;
экран жарықтануының максималды жарықтығы, ол электрондық 
шоқтың тығыздығына тәуелді және ол модулятордағы теріс кернеуді 
өзгерту арқылы реттеледі;
экран жарығының түсі. Көбіне жасыл немесе сары түс 
қолданылады, себебі олар көзді аса шаршатпайды; экран бетінен 
суретке түсіріп алу үшін жарығы көк түсті ЭСТ қолданылады, көк 
түске фотоматериалдардың сезгіштегі жоғары болады; 
232 


қалдық жарықтану уақыты. Осциллограмманың визуалдық 
қабылдауын жақсарту үшін, экранның жарқырау уақыты оларға 
электрондардың әсер ететін уақытынан ұзақ болуы керек. егер де 
процестерді 10 Гц-тен астам жиілікте бақылау керек болса, онда 
қалдық жарықтануының орташа ұзақтығы 100 мс дейін болатын 
экрандар қолданылады. Фототіркеу үшін қалдық жарықтануы аз (0,01 
с) люминофорды пайдаланған жөн. Жай өзгеретін процестерді 
зерттегенде, қалдық жарықтануы 0,1 с асатын экрандар қолданылады. 
Сәуленің жүрісі тік болғандағы жамайлау кернеуінің өзгеру 
тәуелділігі сызықты болуы керек, әйтпесе зерттелетін сигналдың 
бұрмалануы мүмкін (13.7-сурет, а). U
y
параметрі Y тік 
пластинасындағы кернеуді; U

жаймалау кернеуін; т, т', т'' – 
импульстердің 
ұзақтығын 
және 
импульстер 
ұзақтығының 
туындыларын көрсетеді.
Электронды сәуленің тік жүрісін жаймалаудың жұмыс бөлігінің 
бейсызықтығы бейсызықтық коэффициентімен сипатталады,
оның физикалық мәнін 13.7, б суретінен көруге болады. Бейсызықтық 
коэффициенті жаймалау жұмысы жүрісінің
кернеу жылдамдығы өзгеруінің салыстырмалы үдеуін көрсетеді. 
Жаймалаудың жұмыс бөлігінің бейсызықтық коэффициентінің шамасы 
1%-дан аспауы керек. 13.7, в суретінде жаймалау басының схемасы, ал 
13.7, г суретінде — жаймалау соңының схемасы көрсетілген.
Жоғарыда аталып өткен талаптарға тек идеалды жаймалау 
генераторы ғана сай келеді, оның жеңілдетілген құрылымдық схемасы 
13.8 суретінде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет