Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Жадтайтын цифрлық осциллографтар



Pdf көрінісі
бет108/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

Жадтайтын цифрлық осциллографтар. Соңғы жылдары өлшеу 
техникасында 
жадтайтын цифрлық осциллографтар
тар (ЖЦО) кеңінен 
қолданылады. ЖЦО-ның жеңілдетілген құрылымдық сұлбасы 13.13-
суретте келтірілген. 
Осындай осциллограф екі режимде жұмыс істей алады. Атап 
атқанда, қосарланған ажыратып-қосқыш (А), 1-қалыпта тұрса, онда 
сұлба қарапайым әмбебап осциллограф болып табылады, ал егер 2-
қалыпта тұрса, онда сұлба ЭЦО ретінде жұмыс істеді (13.13-суретке 
қараңыз). Оның әрекет қағидасы келесідей.
Зерттелінетін U
c
(t) сигнал Y кіруінен аттенюатор арқылы АЦТ-ның 
ақпараттық кіруі жіберіледі; АЦТ-ға контроллерден (басқарушы 
құрылғыдан) Т жол кезеңімен U
T
тактілік импульстері келіп түседі. 
Импульстердің бірі уақыттың қайсыбір сәтінде t, АЦТ сигнал 
амплитудасын U
c
(t,) екілік кодқа U(t,), яғни 0 және 1 деңгейлерінің 
жиынтықтарына түрлендіреді. Осындай түрлендірудің соңында АЦТ 
контроллерге тиісті сигнал береді. Осы жолмен алынған цифрлық код 
жадтайтын құрылғының белгілі бір көзіне жіберіледі. 
U
c
(t) сигналын зерттеу кезде жадтайтын құрылғыда U
c
(t,), U
c
(t,
T), U
c
(t, + + 2T) және т.б. жинақталады.
237 


Сыртқы 
синхрондау кіруі 
Кіру 
Y
А т г е н
ю а т о р
Аналогті-цифрлық 
түрлендіргіш 
и
т
 
Жадтайтын 
құрылғы 
Синхрондау жүйесі
£ Контроллер 
Цифрлы- аналогті 
түрлендіргіш 
Жайма генераторы
Күшейткіш 
Y
Күшейткіш 
X
13.13-сурет. Жадтайтын цифрлық осциллографтың жеңілдетілген 
құрылымдық сұлбасы
Онда ол ұзақ сақтала алады, себебі энергияға тәуелсіз екендігі белгілі. 
Сақтаулы ақпаратты қайта жаңғырту үшін контроллердің пәрменімен 
СҚ жадысынан кодтар талап етілетін ретте және берілен қарқында 
таңдалады (оқылады) және оқылады және цифрлы-аналогті 
түрлендірушіге жіберіледі, ол әр кодтан оған тиесілі кернеуді 
қалыптастырады. Бұл кернеулер күшейткіш арқылы Y тілімдеріне 
жіберіледі. Нәтижесінде осциллограмма жарқыраған нүктелердің 
жиынтығы болып табылады. Зерттелінетін сигналдың үзіліссіз кескінің 
алу үшін жадтайтын құрылғыдан кейін тегістеу блогын орнатады ( 
13.13-суретте ол көрсетілмеген). 
ЖЦО артықшылықтарына ақпаратты шексіз сақтау уақыты, оны 
оқу жылдамдығының кең диапазоны, жадталған сигналдың жеке 
учаскелерін баяулатылған жаңғырту мүмкіндігі, ашық және анық 
осциллограммалар, ЭЕМ-да немесе осциллографтың ішінде ақпаратты 
цифрлық түрде өңдеу мүмкіндігі жатқызылады. 
ЖЦО-ның негізгі кемшілігі – олардың көбісі 1 немесе10 МГц 
жиіліктегі сигналдарды есте сақтай алады, себебі олар АЦТ-ның 
салыстырмалы түрде жоғары емес тезәрекеттіне ие.
238 


Жадтайтын осциллографтың құрылғысы ретінде электрон-сәулелі 
түтікшенің келесі кемшіліктері бар: үлкен габариттік өлшемдер 
(ұзындығы), жоғары қоректеуші кернеулер, салыстырмалы аз 
төзімділік, жоғары емес механикалық беріктік. Осылардың салдарынан 
соңғы жылдары көптеген ЖЦО-да жазық матрицалық газразрядтты 
және сұйықкристалдық панельдер қолданылады 
Екі каналдық және екі сәулелі осциллографтар. Екі каналдық 
осциллографтардың тік ауытқудың екі барабар каналы (Y
1
кіруі және Y
 
кіруі) және электрондық ажыратып-қосқышы бар, ол каналдардың 
шығу сигналдарына кезекпен бірдей тілімдер Y жібере алады. 
Электрондық ажыратып-қосқыштың жұмысын басқаруға қарай 
осциллографтың келесі негізгі жұмыс режимдерін жүзеге асыруға 
болады: 
1) бір каналдық —экранда Y
1
кіруіне немесе Y
2
кіруіне берілетін 
бір сигнал көрінеді; 
2) кезектік — жайманың әрбір кері жүрісі барысында электрондық 
ажыратып-қосқышты бір уақытта ауыстыру есебінен экранда бір 
мезетте екі сигнал көрінеді. 
Екі каналдық құру қағидасының негізінде сегізге дейін каналы бар 
көпканалдық осциллографтар құрылып жатыр. 
Екі сәулелі осциллографтардың екі каналы Y және арнайы екі 
сәулелі ЭСТ бар, оның құрамына екі электрондық дербес зеңбіректері 
және екі ауытқытушы тілімдер жүйесі кіреді. Бұл жағдайда электронды 
сәулелердің көлденең жаймасы— ортақ (жайма генераторынан), ал тік 
жайма— әрқайсысы «өзінің» каналынан Y. Бұл экранда екі сигналдың
осциллограммаларын (екі каналдық осциллограммаларда сияқты 
оқтын-оқтын үзілусіз) бақылауға мүмкіндік береді. Осындай
осциллографтар екі каналдықтардан анағұрлым күрделі және қымбат . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет