Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Цифрлық осциллографтар



Pdf көрінісі
бет110/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

13.4. 
Цифрлық осциллографтар 
Цифрлық осциллографтар экранда сигналды бақылауды және бір 
уақытта оның параметрлерінің сандық мәнін осциллографтар экранынан 
тікелей алудың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда көбірек дәлдікпен 
алуды қамтамасыз етеді. 
242 


Оның негіздемесі: сигнал параметрлерін өлшеу тік ауытқу каналының 
шығуында (мұнда сигналға каналдың барлық қателері үстеледі, бұл 
қателер 10 %-ға жетуі мүмкін) емес, тікелей цифрлық осциллограф 
кіруінде жүзеге асырылады. 
Цифрлық осциллографтардың көмегімен сигналдың амплитудасы, 
оның жиілігі, сондай-ақ, импульстің ұзақтығы өлшенеді. Алайда, 
цифрлық осциллографтардың мүмкіндіктері осы параметрлерді 
өлшеумен шектелмейді.
Цифрлық осциллографтардың микропроцессорлармен түйіндесуі 
сигнал кернеуінің қолданыстағы мәнін анықтауға және тіпті, экранда 
сигналдың кез келген түрі үшін Фурье түрленуін бейнелеуге мүмкіндік 
береді. 
Цифрлық осциллографтарда сигналдың толық цифрлық өңделуі 
жасалады, сондықтан мұнда ақпаратты бейнелеу үшін әдетте, 
индикаторлық панельдерді құру саласындағы соңғы жетістіктер 
қолданылады. 
Цифрлық осциллографтарда өлшеу нәтижелерін көрсетуде 
жұмыстың үш режимі болуы мүмкін. 
1. Экранда сигналдың динамикалық кескінін бақылау және бір 
уақытта жарықты таблода оның сандық параметрлерінің шығып тұруы. 
2. Оператор экрандағы сигналдың кескініне жарық белгілерін 
өлшенетін параметрді белгілеп алу үшін келтіреді және тиісті 
реттеудегі сан бойынша қызықтыратын параметрлерінің шамасын 
анықтайды.
3. Зерттелінетін сигналдар мен цифрлық ақпараттың кескіндерін 
қалыптастыру үшін арнайы кинескоптарды (мысалы, матрицалық
индикаторларды) және растрлық әдісі қолданылады. 
Қазіргі цифрлық осциллографтарда түтікше экранындағы кескіннің 
оңтайлы өлшемдерін орнату автоматты түрде орындалады. Цифрлық 
осциллографтардың жеңілдетілген құрылымдық сызбасын және оның 
параметрлерін қарастырайық (13.15-сурет). 
Цифрлық осциллографтардың құрылымдық сызбасының құрамына: 
кіру сигналының аттенюаторы; тік және көлденең ауытқу 
күшейткіштері; амплитуда және уақытша интервалдары; сигналдың 
және өлшеуіштердің интерфейстері; микропроцессорлық контроллер; 
жайма генераторы; синхрондау және ЭСТ сұлбасы кіреді. 
типтік цифрлық осциллографтың техникалық сипаттамалары: 
жиіліктерді өткізу жолағы— 0-50 МГц; 
ауытқу коэффициенттері — 0,002-10 В/дел.; 
жайма коэффициенттері— 20 нс/дел-20 мс/дел.; 
ауытқу және жайма коэффициенттерінің қателері — 2.4%; 
цифрлық өлшеулердің дәлсіздігі — 2. 3 %; 
экранның өлшемі— 80 х 100 мм. 
243 


Цифрлық осциллографтардың функционалды мүмкіндіктеріне 
төмендегілер жатқызылады: 
1) кескін өлшемдерін автоматтық орнату; 
2) автоматтық синхрондау; 
3) екі белгінің арасындағы айырмалық өлшемдер; 
4) сигналдардың тербелу өрісін, максимум мен минимумын
импульстердің ұзақтығын, кідірісін, фронт мен түсуін автоматтық 
өлшеу; 
5) жалпы пайдалану каналына кіру. 
Цифрлық осциллографтар корпусының габариттік өлшемдері 335 х 
280 х 566 мм; салмағы 14 кг; жұмыс температураларының диапазоны 
— в интервале от -10-ден +50 °С дейінгі аралықта. 
13.15 
суреттегі құрылымдық сұлбадан көрініп тұрғандай
зерттелінетін сигналдың амплитудалық және уақытша параметрлері 
аспапқа кіріктірілген өлшеуіштердің көмегімен анықталады. Осы 
өлшемдердің негізінде микропроцессорлық контроллер ауытқу және 
жайманың талап етілетін коэффициенттерін есептейді және интерфейс 
арқылы осы коэффициенттерді тік және көлденең ауытқу 
каналдарының аппараттық бөлігіне енгізіледі. Бұл кескін өлшемдерінің 
тігінен және көлденең өлшем тұрақтылығын және сигналды автоматты 
синхрондауды қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ, микропроцессорлық контроллер алдыңғы панельдегі 
басқару органдарының қалпын сұрайды және сауал мәліметтері 
кодтаудан кейін қайтадан контроллерге түседі, ол интерфейс арқылы 
автоматтық өлшеудің тиісті режимін қосады. 
244 


Өлшеу нәтижелері жеке жарықты таблоға шығарылады (ол түтікше 
экранына кіріктірілуі мүмкін), амплитудалық және уақытша 
параметрлер бір мезетте бейнеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет