Цифрлық өлшеу аспаптары (
ЦӨА) - көрсеткіші цифрлық формада
ұсынылатын өлшеу ақпаратының автоматты өндіретін дискретті
сигналдары өлшеу құралдары деп аталады.
ИП құрастырылымдық орындалуы бойынша көрсетуші және
тіркеуші болып бөлінеді, олардың арасынан өздігінен жазатындарға
және басып шығаратындарға ажыратады.
Көрсетуші өлшеуіш аспабы — тек
оператор көрсеткішін ғана
санайтын құрылығы.
Тіркеуші өлшеуіш аспабы — көрсеткіштің тіркелуін қарастыратын
аспап.
Өздігінен жазатын өлшеу аспабы — көрсеткішті диаграмма
формасында басып шығару, ал
басып шығарушы-цифр түрінде
қарастырылған ИП тіркеуші.
Әрекет қағидаты бойынша ИП келесідей түрлерге жіктелуі мүмкін:
тікелей әрекетті өлшеуіштер — онда бір бағыттағы ақпаратты
өлшеу сигналын бір немесе бірнеше түрлендіру,
яғни кері байланыс
(КБ) тізбегін қолданусыз қарастырылған, мысалы: амперметрлер,
вольтметрлер;
салыстыру — өлшенетін шаманы белгілі шамамен тікелей өлшеуге
арналған, мысалы: электрөлшеуші потенциометр;
интегралдаушы — өлшенетін шаманы уақыт немесе басқа тәуелсіз
ауыспалылық бойынша интегралдайтын құрылғы, мысалы: электр
энергиясының есептегіші;
жиынтықтаушы — көрсеткіші екі немесе бірнеше шаманың
жиыны оларға әртүрлі каналдар бойынша атқарымдылықпен
байланысты аспаптар, мысалы: бірнеше электр генераторларының қуат
жиынын өлшеуге арналған ваттметр.
Өлшеу аспаптары келесідей негізгі көрсеткіштермен сипатталады.
Өлшеу диапазоны — өлшенетін шама мәнінің аясы, бұл үшін ИП
рұқсат берілген қателіктер нормаланған (өлшеу құралдары).
Көрсеткіш диапазоны —оның бастапқы және соңғы мәндерімен
шектелген, яғни өлшенетін шаманың мүмкін болатын ең аз
x
min
және
ең көп
x
max
мәндерімен көрсетіліп (бұл диапазон өлшеу диапазонынан
кеңірек болуы мүмкін) белгіленген шкала аясы.
Өлшем шегі — өлшеу диапазонның ең көп немесе ең аз мәні.
Жұмыс жиілігінің аясы (жиілік диапазоны) — шегінде рұқсат
етілген шегінен аспайтын сигнал жиілігін өлшеу кезінде алынған
жиіліктер жолағы.
26
Шкала бөліктерінің бағасы (МЕМСТ 16263 — 70) —
өлшенетін
шаманың мәні екі көрші шкала белгісіне сәйкес келетін айырымы.
Өлшенетін (S)
параметрі бойынша сезімталдығы — ИП шығуына
арналған сигнал өзгерісінің өлшенетін шаманы өзгеруге шақыратын
қатынасы. Сезімталдығы абсалюттікке, салыстырмалыққа және
шектікке бөлінеді.
Абсолюттік сезімталдықты мына формула бойынша есептеуге
болады
мұндағы
Лу — шығуға арналған сигналды өлшеу; Ах — өлшенетін
шаманың өлшемі.
Салыстырмалық сезімталдық келесідей бейнемен анықталады:
мұндағы
х — өлшенетін шама.
Шектік сезімталдық (кернеу, тоқ немесе қуат бойынша) —рұқсат
берілгеннен басым қателікпен санауды алу үшін қажетті,
аспаптың
кіруіне берілетін, зерттелетін сигналдың (кернеудің, тоқтың немесе
қуаттың) ең төменгі шамасы.
Айыру қабілеті — аспап көмегімен айыру мүмкін болатын, біртекті
өлшенетін шаманың екі мәнінің ең төменгі айырмасы.
Елеу шегі (сезімталдықты) — қалыпты санау қабілеті кезінде
бақылаушы осы аспап үшін анықтаған, көрсеткіштің ең төменгі
өзгеруін туындатушы, өлшенетін шаманың өзгеруі.
Көрсеткіштер вариациясы — өлшенетін
шаманы көп реттік баяу
өзгертудің екі бағыты кезеінде, өлшеу диапазонының осы нүктесіне
сәйкес келетін, аспап көрсеткіштері арасындағы орташа айырмасы.
Көрсеткіш деп, аспаптың есептік құрылғысы бойынша айқындалатын
және осы шаманың қабылданған бірліктерімен көрсетілетін, өлшенетін
шаманың мәнін атайды. Вариация бір және сол шама мәнін өлшеу
кезінде аспап көрсеткішінің қаншалықты тұрақты қайталанатынын
сипаттайды.
Көрсеткішті белгілеу уақыты (бағындыру уақыты) — өлшенетін
шаманың өзгеру сәтінен бастап, көрсеткішті белгілеу сәтіне дейін
өткен уақыт аралығы. Ұқсас аспаптар үшін көрсеткішті белгілеу сәті
тербеліс амплитудасының көрсеткіші аспап қателігіне қарағанда, артық
болмайтын сәтпен айқындалады.
27
Өлшеу аспабының қателіктері (аспаптық қателіктер) физикалық
шаманың өлшеу дәлдігіне мәнді әсер етуін көрсетеді (2-тарауды
қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: