Әдістемелік қателіктер өлшем әдісінің жетілмегендігімен,
қолданылатын формуланы шығару кезінде жеңілдетілген жорамалдар
мен
долбарларды пайдаланумен, ӨҚ өлшеу нысанына әсерімен
қамтамасыз етілген.
Мысалы, температураны жылу сезгіш элементпен өлшеуде
әдістемелік қателік бар, ол зерттелетін нысанның температуралық
тәртібін бұзудан (жылу сезгіш элементті енгізу салдарынан)болған.
Құралдық қателіктер өлшеу құралдарын қолданудан болған
қателіктерге байланысты. Олардың
пайда болу себептеріне
градустаудың дәлсіздігі, құрылма жеткіліксіздігі, пайдалану үдерісінде
құрылғы сипатының өзгеруі және т.б. жатады.
Өлшем қателіктері сонымен қатар өлшем құралын дұрыс орнатпау
салдарынан, оларға магнит немесе электр өрісінің әсерінен, қосымша
және динамикалық қателіктердің болуынан пайда болады. Қосымша
қателіктерге құрылғы жұмыс жасайтын қалыпты шарттардан ауытқу
себепші болады. Динамикалық қателіктер өлшенетін көлемнің жылдам
өзгеруі
кезінде
қолданылатын
техникалық
құралдардың
инерциялығынан пайда болады. Осы барлық қателіктер құралдық
қателіктерден ерекшелейді (МС 8.009-84), өйткені олар өлшеу
құралдарының өзіне, олардың
жұмыс жасайтын шарттарына
байланысты. Оларды жою құралдық қателіктерді жоюға қарағанда
басқа тәсілдермен жасалады.
Субъективті қателіктер адамның (оператордың) құрылғы
көрсеткішін дұрыс есептемегенінен болады. Бұл, мысалы, құрылғы
нұсқарының көрсеткішін бақылау кезінде қарау бағытының дұрыс
болмауынан болады (параллакстан қателік). Цифрлы құрылғыны және
өлшеудің автоматты әдісін қолдану бұндай қателіктерді жояды.
Жоғарыда көрсетілген (2.1-бөлімін қараңыз) жүйелік қателіктер
тұрақты болуы немесе заңды түрде ауысуы мүмкін.
Кейінгі жағдайда
оларды күрделі заң бойынша үдемелі (өспелі немесе азаймалы),
кезеңдік және өзгеруші етіп үшке бөледі.
Жүйелік қателіктердің себептері мен көздерін кездестіру түзету
енгізе отырып оларды жою немесе шығаруға шаралар қолдануға
мүмкіндік туғызады.
Кейбір жағдайларда түзеткіш көбейткіш-санды пайдаланады, оған
жүйелік қателікті жоюға арналған өлшеу нәтижесін көбейтеді.
Түзету немесе түзеткіш көбейткіш техникалық құралды калибрлеу,
тиісті таблицалар мен кестелері құру және пайдаланудың көмегімен
анықталады. Сонымен қатар түзету мағынасын табудың есептеу
тәсілдері қолданылады.
Жүйелік қателіктерді жоятын арнайы өлшеуді ұйымдастыру
әдістері бар.
Мысалы, оларға ауыстыру әдісі және белгі бойынша қателікті
компенсациялау әдісі жатады.
33
Ауыстыру әдісі дегеніміз реттелетін
өлшем көмегімен алынған
белгілі көлемнің өлшенетін көлеммен ауыстырылуы. Егер де ауыстыру
эксперименттік орнатуда басқа өзгеріссіз және ауыстырудан кейін сол
құрылғы көрсеткіші орнатылса, өлшенетін көлем белгілі көлемге тең
болады, оның мағынасы реттелетін өлшем көрсеткіші бойынша
есептеледі. Бұл тәсіл тұрақты жүйелік қателіктерді жоюға мүмкіндік
туғызады. Өлшем қателігі ауыстыру әдісін қолданған кезде өлшем
қателігімен және белгісізді ауыстыратын көлем мағынасын есептеу
кезінде пайда болатын қателікпен анықталады.
Қателікті белгі бойынша компенсациялау әдісі сол
немесе басқа
өлшем нәтижесіне ене алатын өлшеу шарттарына байланысты жүйелік
қателіктерді жоюға қолданылады (ЭҚК термо қателігінен, электр
немесе магниттік өрістің тұрақты кернеулігі әсерінен және т.б.).
Бұндай жағдайда өлшеуді екі рет жүргізуге болады: өлшем нәтижесіне
қателік кіретіндей етіп бір рет бір белгімен, ал қайталағанда кері
белгімен. Екі алынған нәтиженің орташа мағынасы өлшемнің ақырғы
нәтижесі болып табылады, ол бұрын көрсетілген жүйелік қателіктен
еркін.
Автоматты өлшем өткізу кезінде жүйелік қателікті түзетудің
сызбалық әдісі кең қолданылады. Өңдегіштерді компенсациялық қосу,
температуралық және жиілік түзетулердің әрүрлі
тізбектері оларды
жүзеге асырудың үлгісі болып табылады.
Кейінгі уақытта өлшеу техникасында микропроцессор жүйесі бар
құралдар кең қолданылады. Кейінгілердің көмегімен жүйелік
қателіктерді көптеген түрлерін жоюға немесе түзетуге болады. Әсіресе
бұл құралдық қателіктерге жатады. Градустау дәлсіздігіне байланысты
түзетулерді автоматты енгізу, қосымша және динамикалық
қателіктерді есептеу және жою, нөлге жылжытумен шартталған
қателіктерді жою - осы және басқа түзетулер өлшеу дәлдігін
жоғарылатуға септігін тигізеді.
Бірақ, мамандардың барлық күш салғанына қарамастан, жүйелік
қателіктердің бөлігі жойылмай қалады.
Қателіктің бұл бөлігі өлшем
нәтижесіне кіреді және оны бұрмалайды. Ол қолданылған техникалық
құралдың метрологиялық сипаты туралы мәлімет бойынша бағалануы
мүмкін. Егер осындай мәліметтер аз болса, басқа зертханалардан
алынған ұқсас нәтижелері бар өлшенген мағыналардың салыстыру
нәтижелерін пайдалануға болады.
34