Динамикалық қателік. ҰЭҚ динамикалық қателіктер олардың
сипаттамаларының ерекшелерден (идеальный) айырмашылығынан
пайда болады, сондықтан қателіктерді есептеу кезінде,
ҰЭҚ идеалды
сипаттамасы белгілі деп санаймыз. Бұл жағдайда динамикалық қателік
болмайды. Динамикалық қателіктердің мағынасы кіріс дабылы мен
әсер етуші факторлардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Динамикалық қателіктерді анықтау үшін кіріс және шығыс
дабылдарының арасындағы байланысты сипаттайтын, уақыт бойынша
өзгеріп тұратын ҰЭҚ динамикалық
сипаттамаларының бірін білу
қажет. Бұндай сипаттамаларға толық және толық емес ҰЭҚ
динамикалық сипаттамалары жатады.
Толық динамикалық сипаттама құрылғының шығыс дабылының
немесе өңдеушінің уақыт бойынша ақпараттық немесе ақпараттық емес
параметрлердің кіріс дабылының немесе әсер етуші көлемнің кез
келген өзгеруі кезіндегі өзгерісін анықтайды.
Бұндай сипаттамаларға
мыналар жатады:
дифференциалды теңдеу
F[x(t), y(t), y
(1)
(t), y
(i)
(t)] = 0, онда x(t),
y(t)
— өлшем құралдарының кіріс және шығыс дабылдарына сәйкес, ал
жоғарғы индекстер (1) мен (і) уақыт бойынша дифференциациялау
операциясын білдіреді;
импульстік (таразылық) сипаттама h(t);
өтпелі сипаттама g(t);
ауыстыратын функция
K(S);
амплитудалық- и фазажиілік сипаттама жиынтығы К(ω) және φ(ω).
Толық емес динамикалық сипаттама ҰЭҚ параметрі немесе
динамикалық
сипаттаманың
толық
функционалы.
Мысалы,
электрондық- сәулелі осциллограф (ЭСО) ауыстыратын сипаттаманың
параметрлеріне өсу уақыты, шығарылу, ұшының әркелкілігі, көрсетуші
құрылғылардың көрсеткіштерін орнату уақыты, өлшеуші түрлендіргіш
арқылы өткізілген жиілік жолақтары, және тағы басқа сипаттамалар
жатады, оларды білу талап етілген дәлдікпен өлшеуді орындауға
септігін тигізеді.
ҰЭҚ және ұқсас өлшеу түрлендіргіштердің
анықталған тобының
динамикалық сипаттамаларының нақты жиынтығын таңдау 8.256 — 77
МемСт, сонымен қатар нақты ҰЭҚ техникалық шарттарында
көрсетілген. Мысалы стандарттарға сәйкес қалыпты жағдайда
көрсетуші құрылғылар үшін көрсетуді орнатудың уақытын қалыпқа
келтіру қажет. Құрылғылардың динамикалық ерекшеліктері туралы
басқа да мәліметтерді
көрсетуге рұқсат етілген, мысалы, көлемнің
тыныштандыру дәрежесін, ауыспалы үдеріс сипатын және т.б.
44