Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


ӨЛШЕУДІҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ



Pdf көрінісі
бет4/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

ӨЛШЕУДІҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ 
МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
1.1. Физикалық шамалар өлшеу объектілері ретінде 
Өлшеу объектілері негізгі және туынды болып бөлінетін физикалық 
шамалар болып табылады. Негізгі шамалар бір-біріне байланысты 
болмайды, бірақ басқа физикалық шамалармен байланысын белгілеу 
үшін маңызды болатындарын туындылар деп атайды. Мысалы, 
Эйнштейн формуласындағы негізгі шама – күш, ал туынды энергия 
болып табылады. Негізгі және туынды бірліктердің жиынтығы 
физикалық шамалардың біртұтас жүйесін құрайды. 
Біртұтас жүйенің алғашқысы метрлік жүйе болып есептеледі, мұнда 
ұзындықтың негізгі бірлігі – метр, ал салмақтың бірлігі үшін
1 *
— 4°С 
жуық температура кезіндегі 1 см
3
таза судың химиялық салмағы –
грамм (кейін –килограмм) қабылданған болатын. 1799 жылы метр мен 
килограмның алғашқы прототиптері (эталондары) әзірленді. Осы екі 
бірліктен басқа, метрлік жүйе өзінің бастапқы нұсқасына аудан бірлігін 
(ар-10 м тарапынан квадрат ауданын), көлемді (стер -10 м қырымен куб 
көлемі) және сыйымдылықты (литр - 0,1 қырымен куб көлемін) қосты. 
Осылайша, метрлік жүйеде шама бірліктерін негізге және туындыға 
дәл бөлу болған емес.
Бірліктер жүйесін негізгілер және туындылар жиынтығы ретінде 
түсінуді 1832 ж. алғаш рет неміс ғалымы К. Ф. Гаусс ұсынды. Бұл 
жүйеде негізгі бірліктер үшін ұзындық бірлігі-миллиметр, салмақ 
бірлігі-миллиграм, уақыт бірлігі-секунд қабылданған болатын. Осы 
бірліктер жүйесі абсалюттік деп аталады.
1881 ж. СГС физикалық шама бірліктерінің жүйесі қабылданған 
болатын, олардың негізгі бірліктері: ұзындық бірлігі-сантиметр, салмақ 
бірлігі-грамм, уақыт бірлігі-секунд болып табылады. Жүйенің туынды 
бірліктері: күш бірлігі-килогармм-күш және жұмыс бірлігі-эрг болып 
есептелді. СГС жүйесінің қолайсыздығы көптеген бірліктерді,
олардың ара қатынастарын анықтау үшін басқа жүйемен қайта есептеу 
қиындық келтіруінде болды.
1
XVIII ғ. «ауырлық» және «салмақ» ұғымдары ажыратылмады және бір шаманы 
білдірді. выражали одну и ту же 
білдірді. 



 XX ғ. басында италиялық ғалым Дж.Джорджи бүкіл әлемде 
әжептәуір кең тараған, МКСА атауын алған тағы бір бірліктер жүйесін 
ұсынды. Осы жүйенің негізгі бірліктері: метр, килограмм, секунд, 
ампер (электрлік тоқ күшінің бірлігі), ал туындылары: күш бірлігі-
ньютон, энергия бірлігі-джоуль, қуат бірлігі-ватт болды.
Ғалымдар өлшеудің бірыңғай халықаралық жүйесін құру үшін 
физикалық шама бірліктерінің басқа да жүйесін ұсынды. Бірақ, қазіргі 
кезде әлемнің бірқатар елдері өздерінде тарихи қалыптасқан өлшеу 
бірліктерінің негізінде өлшеу жүргізуді жалғастырып келеді, мысалы: 
Ұлыбританияда, АҚШ және Канадада салмақтың негізгі бірлігін-фунт 
деп есептейді, әрі оның «британдық империялық шамасы» және «ескі 
винчестер шамасы» жүйесіндегі өлшемі әртүрлі. Әлемдік тәжірибеде 
неғұрлым кең таралғаны Халықаралық бірліктер жүйесі (БЖ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет