термодинамикалық температура бірлігі —
кельвин — судың үштік
нүктесінің термодинамикалық температурасы бөлігінің 1/273,16 тең
термодинамикалық температура. Термодинамикалық температурадан
басқа Цельсия температурасын (бірлік –Цельсия градусы) қолдануға
болады;
заттар санының бірлігі —
моль — салмағы 0,012 кг, көміртектегі
атомдары 12
болатын болса, осыншама құрылымдық элементтері
болатын жүйедегі заттар саны;
жарық күшінің бірлігі —
кандела — 540 • 10
12
Гц жиілікпен
монохромдық сәулеленуді беретін қуат көзінің берілген бағытындағы
жарық күші, осы бағыттағы жарықтың энергетикалық күші 1/683
Вт/см
2
құрайды.
Келтірілген анықтамалар — қиын, бұлар белгілі бір білім деңгейін,
ең әуелі физиканы талап етеді.
Дегенмен, олар қабылданған
бірліктердің табиғи жаратылу тегі туралы түсінік береді.
Халықаралық
бірліктер
жүйесі
алдыңғы
жүйелермен
салыстырғанда неғұрлым жетілген әрі әмбебап болып есептеледі.
Негізгілерден басқа, онда жазық және денелік бұрыштарын,
сәйкесінше, радиан және стерадианын өлшеуге арналған қосымша
бірліктер саны, сондай-ақ кеңістік пен
уақыттың туынды бірліктер
саны, механикалық, электрлік, магниттік, жылулық,
жарықтық және
акустикалық шамалар, сонымен бірге иондаушы сәулелену шегіндегі
туынды бірліктер саны көп болады.
Іс жүзінде барлық халықаралық ірі ұйымдар метрология бойынша
өз ұсынымдарын Халықаралық бірліктер жүйесіне енгізді және осы
ұйымға мүше - барлық елдерді - осыны қабылдауға шақырды. Ресейде
ИЖ тиісті мемлекеттік стандартты 1963 жылы енгізу жолымен ресми
қабылданған болатын.
Бүгінде ИЖ жүйесі шын мәнінде халықаралықтық болды, бірақ осы
жүйенің
бірліктерімен бірге, жүйеден тыс бірліктерді де қолданады,
мысалы: тонна, тәулік, литр, гектар және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: