Вольтметрдің сызбасына өлшеуіш механизмін артық салмақтан
қорғауға арналған R12—
R15 қосымша резисторлары,
R16, R17
реттеуші резисторлары және
VD4, VD5 кремнийлі стабилитрондар
енгізілген.
Ауыспалы тоқтың ПАЗ вольтметр құрылымына енетіндер сызба
бойынша диодты-нувисторлы жабық кірумен орындалған. Вакуумдық
диодты пайдалану шамалы кері
кедергімен және тым аз кіру
сыйымдылығымен бірге түзеткіш элементінің болуына тырысуымен
түсіндіріледі.
Өлшенетін кернеудің жоғары жиіліктігін құраушысы
R1, C1
сүзгісімен, ал төменгі жиіліктісі -
R1, C2 сүзгісімен сүзіледі. R1 және
R3 (R3 >> R2) мәндері арасындағы қатынас кернеу тұрақты тоқ
вольтметрінің кіруіне
√
2 аз амплитудамен берілетіндей бейнеде
таңдалған. 20-1000 МГц жиіліктік диапазонмен
берілгенді қамтамасыз
ету үшін, ПАЗ сызбасында разрядты сыйымдылықты ауыстыру
мүмкіндігі қарастырылған. ПАЗ сынаспабында (А қуыс бұрғы)
орналасқан төменгі жиіліктік кіру жұмысы кезінде, Г ұясына
қойылады. Бұл жағдайда өлшенетін кернеу U-, U~, клеммаларына
беріледі және разрядты
сыйымдылық функциясын С3 (0,1 мкФ)
конденсаторы орындайды. Сынаспапта жоғары жиіліктік кіруді
пайдалану кезінде, С
6
(1 000 пФ) конденсаторлы қондырманы
орналастырады.
Төменгі жиіліктік және жоғарғы жиіліктік кірулерге арналған
разрядтың тұрақты уақыты 3 с және 30 мс ретті мәндерін құрайды.
Бастапқы тоқ диодының
R3 кернеуіне кемуі нөлдің
R2 резисторына
ауысуы кернеуімен өтемделеді. Ауысу кернеуі және диод қызуының
кернеуі өтемдік тұрақтандырғышпен ӨТ тұрақтандырылған.
Вольтметр 30 мВ-300 В тұрақты, ал ауыспалы 200 мВ-300 В кернеу
өлшемдерінің диапазонын қамтамасыз етеді. Аспап жиынтығына
енетін ішкі масштабты түрлендіргіштерді
қолдану өлшем диапазонын
1 000 В дейін кеңейтеді.
а
б
8.3-сурет. Күшейткіш-түзеткіш түріндегі әмбебап вольтметрдің әрекет
қағидатын бейнелейтін сызбалар:
а — тұрақты кернеу режимінде өлшеу;
б — ауыспалы кернеу режимінде өлшеу
138
Тұрақты тоқ вольтметрінің негізгі қателігі 2,5-4 % құрайды, ал
ауыспалы тоқтың вольтметрі 20. 1 000 МГц — 4.6 % жиілік
диапазонында орналасады.
Бұрын
түзеткіш-күшейткіш
түріндегі
әмбебап
вольтметр
қарастырылған болатын. Қазіргі микроэлектроника негізінде аз
дрейфті жоғары тұрақтылықты күшейткіштің пайда болуы күшейткіш-
түзеткіш түріндегі әмбебап вольтметрлердің сызбасын құру үшін
пайдалануға мүмкіндік береді. Күшейткіш-түзеткіш сызбасы бойынша
құрылған әмбебап электрондық вольтметрдің мүмкін болатын
құрылымын қарастырайық. 8.3,
а, б
суреттерінде тұрақты және
ауыспалы кернеуді өлшеу режиміндегі вольтметрдің жұмыс қағидатын
бейнелейтін сызбалар келтірілген. Шексіз теріс кері байланыстың
болуы (Л
Ос
резисторы) күшейткіш коэффициентінің жеткілікті
тұрақтылығы кезінде кірудің жоғары кедергісін алуға мүмкіндік береді.
Кері байланыстың шегі микроамперметр және R
OC
резисторы
кедергісінің арақатынасымен анықталады.
Ауыспалы кернеуді өлшеу режимінде қарастырылатын вольтметр
түзеткіш элементтерін ОС тізбегіне қоса отырып,
орташа мәнді екі
жартылай периодты белсенді түрлендіргішті құрайды. Күшейткіш
ретінде сипаттамасы бойынша келетін операциялық күшейткіштер
пайдаланылуы мүмкін. Қарастырылған сызба жеткілікті кең жиіліктік
диапазонды сақтау кезінде ауыспалы кернеуді өлшеу режиміндегі
сезгіштік шегін мәнді түрде төмендетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: