Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет65/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

8.4. Көрсетуші және тіркеуші
аспаптарды жіктеу
Аналогтік электрөлшеу аспаптары өз тағайындалуы бойынша 
көрсетушілер; көрсетушілер және тіркеушілер; көрсетушілер және 
реттеушілер; көрсетушілер, тіркеушілер және реттеушілер болып 
бөлінеді. . 
Көрсетуші өлшеуіш аспабы көрсетуді тек есептеп қояды, яғни, 
есептік құрылғы (шкала және нұсқағыш) бойынша белгіленген, 
өлшенген мәндер және қабылданған бірліктермен өрнектеледі. АЭК 
біркелкі құнымен салыстырып, көрсетуші жоғарғы техникалық 
сипаттамалар оларды өндірістегі де, сондай-ақ зертхана тәжірибесінде
де дара өлшеу үшін таптырмайтындай етті.
Тіркеуші өлшеуіш аспабы көрсетуді тіркеуді қарастырады. Аналогті 
формада өзгеретін мәндерді жазу үшін электрмеханикалық тіркеуші 
аспаптар — өздігінен жазатын электрөлшеуіш аспаптарын және жарық 
сәулелік осциллографтарды кең пайдаланады. Өздігінен жазатын 
аспаптар мен осциллографтарда диаграмма түріндегі көрсетуді тіркеу 
қарастырылған. Тіркеуге 
жататын 
функционалдық 
тәуелділік 
параметрдің уақыт бойынша өзгеруін x = f(t), немесе уақыт болып 
есептелмейтін x
x
= f(x
2
) бір параметр мәнінің екіншісіне тәуелділігін 
сипаттайтын кестемен ұсынылған.
Әртүрлі параметрлерді реттеу (температура, қысым және т.б.) 
жекелеген приставка түрінде кіріктірілген немесе орындалған реттеуші 
құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады.
142 


Көрсетілгенді тіркеу және реттеуші құрылғылар электр өлшеуші 
аспаптарға жаңа сапалар қатарын береді: өлшенетін мәндердің өзгеру 
процестерін зерделеу және оларды автоматты басқару мүмкіндігі пайда 
болады; тіркеуші аспаптар ұзақ өлшеулер кезінде бақылаушының 
уақытын үнемдейді. 
Аналогті аспаптарды жіктеудің жалпы белгісі олардың қасиеті мен 
тағайындалуын белгілейтін құрылымдық сызба түрі болып табылады.
АЭК құрылымдық сызба түрі бойынша шығу мәні кіруді 
(салыстыру аспаптары) теңдестіру үшін пайдаланатын ашық 
құрылымдық сызба аспаптарына (тікелей әрекет ету аспаптары) және 
жабық құрылымдық сызба аспаптарына бөлінеді. Теңдестіру процесі
үздіксіз жүзеге асырылады (қадағалаулы теңдестіру). 
Қадағалаулы 
теңдестірумен 
бірге 
салыстыру 
аспаптарын 
статикалық 
(интегралдаушы 
тармақсыз) 
және 
бейстатикалық 
сипаттамалы (интегралдаушы тармақпен-қозғалтқышпен) аспаптарына 
бөледі.
8.6-суретте АЭК негізгі құрылымдық сызбалары келтірілген. 
Аспаптың өлшеуіш тізбегі ӨТ барлық өлшеу ақпаратының 
сигналын түрлендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін түрлендіру 
элементтерінің жиынтығын құрайды. Тікелей әрекет ету аспаптарының 
өлшеу тізбегінде ( 8.6-сурет, а) және 
цепь 
8.6-сурет. АЭК негізгі құрылымдық сызбасы: 
а — ашық; б — жабық статикалық сипаттамамен; в — жабық
бейстатикалық сипаттамамен 
143 


салыстыру аспаптарының тікелей тізбегінде (
8
.
6
, б, в-сурет) жалпы 
жағдайда өлшеу түрлендіргіштерінің (модуляторлар, күшейткіштер 
және басқалары). n-е саны болады. Күшейткіштер К түсетін 
сигналдарды күшейтуге арналған. 
Өлшеу механизмі ӨМ аспап құрастырылымының бөлігі болып 
табылады және олардың өзара іс-қимылы өзара алмасуды (а — ӨМ 
қозғалмалы бөліктің бұрылуы бұрышы) туындататын элементтерден 
тұрады. Өлшеу механизмдері ретінде қағидаттық әртүрлі әрекет ететін 
электрмеханикалық түрлендіргіштерді пайдаланады.
Аналогтіқ аспаптардың есептік құрылғысында ЕҚ сандық белгі 
шкалалары және сілтегіш немесе жарық сәуле түріндегі нұсқағыш
болады.
Тіркеуші құрылғы ТҚ құрамына келесідей негізгі элементтер мен 
тораптар енеді: тіркеу жүргізілетін материал (тасымалдағыш); тіркеу 
белгілерін (нүкте, сызық және т.б.) түсіретін тіркеуші орган; тіркеуші 
органға әсер ететін механизм; тасымалдағыш орнын ауыстыратын
құрылғы. Жазықтықтағы тіркеуші органның орны өлшенетін шаманың 
сандық белгісімен белгіленеді. Зерттелетін функционалдық тәуелділік 
кестесін алу үшін тасымалдағыштың орнын ауыстыру уақыттың 
өзгеруіне немесе басқа параметрге сәйкес болуы қажет .Жылжымайтын 
тасымалдағыш аспабында тіркеуші орган екі тәуелсіз қозғалыс 
жасайды, яғни екі дәрежелі еркіндік болады. Тіркеуші құрылғы ТҚ 
жүйені реттеу объектісімен байланыстырады.
Статикалық сипаттамалы аспаптың құрылымдық сызбасының 
жабық бөлігінің шығу шамасы (
8
.
6
, б-суретті қараңыз) тікелей әрекет 
ету аспабымен ТЭА өлшенетін және тіркелетін кернеу немесе тоқ 
болып табылады.
Бейстатикалық сипаттамалы аспаптың шығу шамасы Қ 
қозғалтқыш білігінің а
д
бұрылу бұрышы немесе Р редуктордың а
р
бұрышы болып табылады. Редуктордың шығу білігінің айналуы
нұсқағыштың сызықтық орын ауыстыруына және арнайы механикалық 
беріліс МБ көмегімен тіркеуші органға айналады.
Салыстыру аспабындағы х өлшенетін мәні кері түрлендіргішпен КТ 
өндірілетін х
к
сигналының мәнімен өтеледі. Статикалық сипаттамалы 
аспаптарда кіру шамасының өтемі толық болмайды, ал бейстатикалық 
аспаптарда кіру шамасы теориялық толықтай өтеледі.
Қадағалаулы теңдестіруді салыстыру аспаптары автоматтықтар 
қатарына 
жатады, 
себебі 
ондағы 
теңдестіру 
процесі 
автоматтандырылған.
Құрылымдық 
сызбалардан 
басқа 
жіктемелі 
белгілері
функционалды тағайындалуы, дәлдік, динамикалық сипаттамасы, 
каналдар саны, жазу әдісі және басқалары болып табылады.
144 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет