о
8.7-сурет. Диаграмманың негізгі түрлері:
а, б — тік бұрыштармен; в — полярлық координаттармен
Қорапқа салынған жазбалы диаграммалық ленталар қолдануға
ыңғайлы.
Өздігінен жазатын аспаптарда диаграммалық дискілерді кең
қолданады. Металл негізінде бекітілген олар айналдыру қимылын сағат
тілі бойынша бірге жасайды. Бір параметрден екіншісіне тәуелділігін
белгілейтін екі координаттық өздігінен жазатын аспаптарда ақпарат
иесі ретінде миллиметрлік торлы диаграммалық парақтарды
пайдаланады.
Сиямен жазуды негізгі элементі қаламұш,
сияөткізгіш және
сиясауыт болып табылатын, тіркеуші құрылғының көмегімен жүзеге
асырады. Қаламұш диаметрі 0,15-0,2 мм (жазу сызығының қалыңдығы
бұл ретте 0,5 мм кем болмауы қажет) болатын тот баспайтын болаттан
немесе никельден шығатын түтікті құрайды.
8.9-суретте
шамалы
айналдыру
сәтін
(магнитэлектрлік
милливольтметрлер) иеленетін сезгіш аспаптарда пайдаланатын басып
шығаруды тіркеу тәсілі схема түрінде көрсетілген. Тіркеуші орган
ретінде 2 өлшеу аспабының сілтегіш-нұсқағышы қызмет етеді, ол 1
кезеңмен, басып шығару механизмінің көмегімен бояйтын 3 лентаны 4
тасымалдағышқа ығыстырады. Аз диаметрлі металл шыбық 5
сілтегіштің жанасу орнын және тасымалдағыштың нүкте түріндегі
бояйтын лентасындағы нүкте ізін қамтамасыз етеді. Әртүрлі түстегі
ленталарды қолдану аспапты бір мезгілде бірнеше процестерді жазуға
мүмкіндік береді. .
8.8-сурет. Қораптағы қағаз ленталарын қаптау
146
8.9-сурет. Басып шығаруды тіркеу тәсілі:
1 — басып шығарушы механизм; 2 — ИП нұсқағыш;
3 —
бояйтын лента; 4 — тасымалдағыш; 5 — аз
диаметрлі металл шыбық
Өлшеу процесінде тасымалдағыш туралы
тіркеуші органның үйкелісінің
болмауы
тұтынатын қуатты ұлғайтусыз аспаптың
дәлдігін сақтауға мүмкіндік береді.
Шығу қуаты үлкен аспаптарда да
(автоматты потенциометрлер,
көпірлер) басып шығаруды тіркеу тәсілін қолданады. Мұндай
аспаптарда тіркеуші құрылғы басып шығаратын күймеше болып
табылады. Нұсқағыштан басқа күймешеде шығыңқы белгілер
(нүктелер немесе нүктелер және цифрлар) түсірілген дөңестермен
бірге
металл дөңгелектерге бекітілген.
Басып шығару бір бояумен немесе әртүрлі түстермен жүзеге
асырылуы мүмкін. Басып шығаратын дөңгелекте дөңестер санына
байланысты өлшеуді және үш, алты немесе 12 біртекті параметрлермен
жазуды жүргізу мүмкін. Бұл ретте өлшеу каналдары аспапқа кезекпен
қосылады (ауыстырулар арасындағы аралықта дөңгелек бұрылады).
Бір түспен басып шығару кезінде диаграммаға екі белгі: нүкте және
цифр түседі. Нүкте өлшенетін мәнді, цифр-қисық нөмірді сипаттайды.
Көптүспен басып шығару кеінде диаграммадағы қисықтар нүктені түсі
бойынша айырады.
8.10-сурет басып шығаруды жазу қағидасын түсіндіреді. Дөңестер
дөңгелегінде 1 ілгерілемелі (басып шығару моментіндегі) және
айналмалы қозғалыс (өлшеу тізбегін ауыстыру моментіндегі)
қатысады.
8.10-сурет. Көпнүктелі жазбаға арналған басып шығару
механизмдерінің сызбасы:
а — біртүсті жазба; б — көптүсті жазба; 1 — дөңесті дөңгелек ; 2 —бояғыш
білікше3 —тасымалдағыш
147
8.11-сурет. Металданған қағазға арналған
тіркеу тәсілінің сызбасы:
1 — жазып
алушы электрод; 2 — металл
барабан
Бояғыш білікше (немесе әртүрлі түстегі білікшелер) 2 және
тасымалдағыш 3 сілтегішпен көрсетілген бағытта орналасады.
Термиялық тіркеу тәсілі жылу сезгіш қағаздың үстіңгі қабатындағы
электрлік қызған элементке («жылулық буы») жылулық әсер ету
жолымен жүзеге асырылады. Үстіңгі қабаттың балқуы нәтижесінде
онда жылулық қаламұш қозғалысынан анық қара сызық (сызықтың
қалыңдығы 0,15 мм).түріндегі із қалады.
Сондай –ақ металданған қағазға арналған жазуды пайдаланады
(8.11-сурет). Жазып алатын электрод 1 және металл барабан 2 (екінші
электрод)
Е қуат көзіне қосылады. Электродтар арасындағы тоқ
өткізгіштер ретінде металданған қағаз
Н (М — металл қабаты) қызмет
етеді. Электродтық металл
1
тоқтың әсерімен балқиды және жартылай
жанып кетеді, соның нәтижесінде тасымалдағыштың үстіңгі қабатында
жұқа сызық нүктелер түріндегі (
1
электродтың қозғалысы кезінде)
анық
көрінетін қара із пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: