Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет69/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

Бақылау сұрақтары 
1. 
Түзеткіш – тыныштандырушы түріндегі жан-жақты вольметр сызбасы 
қалай жұмыс істейді? 
2. 
Тұрақты және ауыспалы кернеуді өлшеу тәртібінде түзеткіш – 
тыныштандырушы түріндегі жан-жақты вольметр сызбасы қалай жұмыс істейді? 
3. 
Тұрақты тоқтық микровольметр сызбасының жұмыс ерекшелігі неде? 
4. 
Импульсті вольметрлердің міндеті және жұмыс қағидасы қандай? 
5. 
Құралдар көрсеткішінің тіркеу тәсілдері қалай қолданылады? 
6. 
Тұрақты тоқтың автоматты потенциометрлер не үшін және қалай 
қолданылады? 
7. 
Автоматты потенциометрлер көмегімен температура қалай өлшенеді және 
тіркеледі? 
8. 
Жарықсәулелі осциллографтар қандай өлшемдер үшін қолданылады? 


9-ТАРАУ 
МАГНИТТІК КӨЛЕМДЕРДІ ӨЛШЕУ 
9.1. 
Магниттік көлемдерді өлшеудің жалпы мәселелері
Электр машиналарында, аппараттарында және құралдарында 
болатын электрлік және магниттік құбылыстар бір-бірімен тығыз 
байланыста. Осы құбылыстарды зерттегенде магниттік өрістерді 
анықтау бойынша міндеттер пайда болады. 
Магниттік өрістің негізгі параметрлері индукция В, кернеулік Н және 
магниттенгендік J болып табылады. Бұл көлемдер бір-бірімен мына 
қатынас арқылы байланыста 
B = μ
0
(H + J), 
бұнда ц
0
— вакуумның қасиеттерін сипаттайтын тұрақты. 
Магниттік индукцияның В аудан s арқылы вектор тасқыны магниттік 
тасқынды Ф көрсетеді.
Тәжірибеде өрісті сипаттау үшін, әдетте, индукция мен кернеулік 
пайдаланылады. Материалдардың магниттік қасиеттерін көрсететін негізгі 
сипаттамалар санына қисық магниттенгендік және гистерезис тұзағы 
жатады. Сипаттамаларды зерттеу кезінде оларды статикалық және 
динамикалық деп бөледі. 
Статикалық сипаттамаларды тұрақты магниттік өріс пен 
материалдардың магниттік қасиеттерін салыстыруды талдау үшін 
қолданады.
 Динамикалық сипаттамалар ауыспалы магниттік өрістерді зерттеуге 
септігін тигізеді. Олар тек материалдардың магниттік қасиеттеріне ғана 
байланысты емес, сонымен қатар магнит өрісі жиілігінің өзгеруіне, оның 
формасына және магнитөткізгіштің мөлшеріне де байланысты болады.
Магниттік көлемді өлшегенде олардың өлшемін пайдаланады, оларға 
магнит тасқынының өлшемі, өріс кернеулігі және индукциясы жатады. 
Магниттік көлемді өлшеу әдісінің негізіне магниттік параметрлердің 
шамалас электр дабылына түрлену қағидасы жатады. 
Магниттік көлемдерді өлшеу құралдары алуан түрлі. Олар әрекет ету 
қағидасы, өлшеу әдісі, пайдалану шарттары және басқа бойынша бөлінеді. 
Магниттік көлемдерді өлшеуге арнайы құралдармен қатар жалпы 
қолданылатын электрөлшеу құралдарын пайдаланады (амперметрлер, 
вольтметрлер, ваттметрлер, гальванометрлер, осциллографтар және 
басқалар). 
155 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет