Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Өлшеу құралдарының түрлері



Pdf көрінісі
бет7/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

1.4. 
Өлшеу құралдарының түрлері 
Тәжірибеде шама бірлігін өлшеу кезінде нормаланған қателіктері 
бар техникалық құралдарды қолданады және оларды мөлшер 
құралдары деп атайды. Оларға: мөлшерлер;
өлшеу түрлендіргіштері;
өлшеу аспаптары;
өлшеу қондырғылары және жүйелері; 
өлшеу керек-жарақтары жатады.
Мөлшер деп, берілген өлшемнің физикалық шамасын жаңғыртуға 
арналған өлшеу құралдарын атайды. Өлшеу құралдарының осы түріне 
гір тастары, ұзындықтың соңғы шамасы және т.с.с жатады. Тәжірибеде 
бір мәндік және көп мәндік мөлшерлерді, сондай-ақ мөлшер 
жинақтары мен қораптарын пайдаланады. Бір мәндік мөлшерлер тек 
бір мөлшердің (гір тасының) ғана шамасын, ал көп мәндіктер-
физикалық шаманың бірнеше мөлшерлерін жаңғыртады. Мысалы: 
миллиметрлік сызғыш заттың сантиметр мен милиметрдегі ұзындығын 
білдіреді.
Жинақтар мен қораптар мөлшердің бірқатар аралықтық немесе 
жиынтық мәндерін жаңғырту мүмкіндігін алуға арналған бір мәндік
немесе көп мәндік мөлшерлердің бірігуін (үйлесімін) құрайды. 
Мөлшерлер жинағы қажетті үйлесіммен қолданылатын әртүрлі 
өлшемдердің біртекті мөлшерлер жиынтығын құрайды, мысалы: 
зертханалық гір тастарының жинағы. Мөлшерлер жинағы- өлшем 
қораптарының қажетті үйлесімін құрайтындарды біріктіретін
өлшемдік 
құрылғыларға 
қатысты 
мүмкіндігі 
қол 
немесе 
автоматтандырылған тоқ аударғыш делдалдығымен қарастырылған, бір 
механикалық бүтіндікке құрылмалы біріктірілген өлшемдер үйлесімі. 
Электрлік кедергі қораптары осы қағидат бойынша жасалған.
Мөлшерді пайдалану кезінде, мөлшердің кесімді және нақты мәнін, 
сондай-ақ, мөлшер қателігін және оның разрядын ескеру қажет. 
Кесімді деп, ондағы көрсетілген мөлшер мәнін атайды. Нақты мәні 
ресми эталонды пайдалана отырып, жоғары дәлдікпен өлшеу нәтижесі 
ретіндегі арнайы куәлікте белгіленуі тиіс. Кесімді және нақты мәндер 
арасындағы айырмашылықты мөлшер қателігі деп атайды. 
11 


Өлшеу түрлендіргіштері – бұл өңдеуге немесе сақтауға арналған 
қолайлы формада өлшеу ақпаратындағы сигналды түрлендіру үшін, 
сондай-ақ көрсететін құрылғыны беру үшін қызмет ететін өлшеу 
құралы. Өлшеу түрлендіргіштері не болмаса өлшеу аспабының 
құрылмалы сұлбасына енеді, не болмаса онымен бірлесе қолданылады, 
бірақ түрлендіргіш сигналы бақылаушының тікелей қабылдауына 
ермейді. Мысалы, түрлендіргіш компьютер жадына ақпарат беру үшін, 
керенуді күшейту үшін және т.б. қажет болуы мүмкін. Түрленген 
шаманы кіру шамасы, ал түрлендіру нәтижесін шығу деп атайды.
Өлшеу түрлендіргішінің негізгі метрологиялық сипаттамасы кіру және 
шығу шамалары арасындағы ара қатынас болып есептелетінді 
түрлендіру функциясы деп аталады.
Түрлендіргіштер өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын 
бастапқы; шаманың қашықтыққа беруі немесе тіркеу үшін ыңғайлы
шығуда формаға ие болуы беруші; бастапқымен үйлесіп, жұмыс 
істейтін және физикалық шама тегінің өзгеруіне әсер етпейтін 
аралықтық болып бөлінеді.
Өлшеу аспаптары (ӨА) — бұл пайдаланушының өлшеу ақпаратын 
қабылдауға қолайлы формада алуға мүмкіндік беретін өлшеу құралы. 
Өлшеу аспаптары тікелей әрекет ету және салыстыру аспаптары болып 
бөлінеді. Тікелей әрекет ету аспаптары осы шаманың бірліктегі тиісті 
межесі болатын, өлшенетін шаманы көрсететін құрылғыда бейнелейді. 
Бұл ретте физикалық шаманың тегі өзгермейді. Тікелей әрекет ету 
аспаптарына мысалы: амперметрлер, вольтметрлер, термометрлер және 
т.б. жатады. Салыстыру аспаптары мәні белгілі, өлшенетін шаманы 
шамалармен салыстыруға арналған. Бұл аспаптарды сәулелену 
көздерінің 
ашықтығы, 
тығыздалған 
ауаның 
қысымы 
және 
басқаларының шамалары сияқты ғылыми мақсатта және тәжірибеде 
кең пайдаланады.
Өлшеу қондырғылары және жүйелері — бұл өлшеу объектісінің бір 
немесе бірнеше физикалық шамаларын өлшеу үшін көмекші 
құрылғылармен бірге функционалдық белгілері бойынша біріктірілген 
өлшеу құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер 
автоматтандырылған және автоматтандыру жүйесіне өлшеу процесінің 
өзін, пайдаланушының оны қабылдауына арналған өлшеу нәтижесін 
өңдеу және бейнелеу ақпаратын енгізуді қамтамасыз етеді. Бұл 
қондырғыларды (жүйелерді) әсіресе статистикалық бақылау әдісі үшін 
де, өзекті бақылау (мысалы, өндірістік процестер) үшін де
пайдаланады.
Өлшеу керек-жарақтары — бұл шама өлшеудің көмекші 
құралдары. Олар жоғарғы дәлдік дәрежесі талап етілген жағдайда,
өлшеу нәтижелеріне түзетулер енгізу үшін қажет. Мысалы, термометр 
егер аспап көрсеткіші қатаң регламенттелген температура кезінде 
шынайы болатын болса; психрометр –қоршаған орта ылғалдығы қатаң 
белгіленген кезде көмекші құрал болуы мүмкін.
12 


Өлшеу керек-жарақтары көмекші құралдың өзінің қателігіне 
байланысты өлшеу нәтижесіне белгілі бір қателіктерді енгізеді.
Метрологиялық тағайындалуы бойынша өлшеу құралдары 
жұмыстық және эталондық болып бөлінеді. Жұмыстық өлшеу 
құралдарын техникалық құрылғылардың, технологиялық процестердің, 
қоршаған 
ортаның 
және 
басқаларының 
параметрлерін 
(сипаттамаларын) анықтау үшін қолданады. Олар зертханалық 
(ғылыми зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық процестердің 
берілген сипаттамасын қамтамасыз ету және бақылау үшін), далалық 
(ұшақтар, автомобильдер, кемелер және т.б. үшін) болуы мүмкін. Осы 
жұмыс құралдары түрінің әрқайсысы өзіндік көрсеткіштерімен 
ерекшеленеді. Айталық, зертханалық өлшеу құралдары ең дәл және 
сезгіш, ал олардың көрсеткіштері - жоғарғы тұрақтылығымен 
сипатталуы қажет. Өндірістік құралдар аспап көрсеткіштерінің 
шынайлығына және дәлдігіне әсер ете алатын температура
ылғалдылық, тербеліс және өндірістік процестің басқа факторларының 
әсеріне тұрақты болады. Далалық құралдар үнемі сыртқы әсерлердің 
кең шегінде өзгереді. Өлшеу құралының ерекшелігі эталон болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет