10.2. Жиілік өлшегіштердің көмегімен тікелей бағалау аспаптарының жиілігін өлшеу Аз (өнеркәсіптік) жиілікті өлшеуге арналған жиілік өлшегіштер
әртүрлі өлшеу механизмдерінің негізінде орындалады. Ең көп
таралғаны резонанстық электрмагниттік жиілік өлшегіштер. Сондай-ақ,
ферродинамикалық жиілік өлшегіштерді қолданады.
Резонанстық электрмагниттік жиілік өлшегіштер (дірілдік герц- метрлер). Осындай жиілік өлшегіштің құрылғысы
10.2-суретте
бейнеленген, онда өлшенетін жиіліктің ауыспалы тоғымен қуатталатын
1 электрмагнит, периодына екі рет 2 болат пластиналарды-тілшіктерді
тартады және периодына екі рет бұл тілшіктер иілгіштік күшінің
әсерімен өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Осылайша, тілшіктер
электрмагниттің магнит ағынының өзгеруімен бірге тербеледі. Алайда,
барлық тілшіктердің ішінен, меншіктік тербеліс жиілігі тартылу
күшінің өзгеру жиілігіне ең көп амплитудамен дәл тең келетіні
тербелетін болады. Тілшіктердің әрқайсысы белгіленген жиілікке
келтірілетіндей етіліп таңдалуы қажет және шкала белгісі бойынша
діріл тілшігіне қарсы өлшенетін тоқтың жиілігін есептеуге болады.
Егер өлшенетін жиілік екі көрші тілшіктің меншіктік тербелісінің
жиіліктері арасындағы аралықта болатын болса, екі тілшік те
тербелетін болады, бірақ ең аз амплитудамен.
10.3-суретте ауыспалы тоқтың жиілігі 50 және 50,5 Гц арасындағы
әрі ол 50 Гц жақын аралық моментіндегі жиілік өлшегіш шкаласының
бөлігі көрсетілген. Жиілік өлшегіш қатарлас (вольтметр сияқты)
тізбекке қосылады.
10.2-сурет. Резонанстық электрмаг- 10.3-сурет. Резонанстық
ниттік жиілік өлшегіш:
жиілік өлшегіш шкала-
сының бөлігі
1 — электрмагнит; 2 — болат пла-
стиналар-тілшіктер
170
10.4-сурет. Ферродинамикалық логометр:
а — құрылғы; б — қосу сызбасы