Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет95/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

диапазон генераторларының (жиілігі төмен генераторлар) әдетте 
шығыс сигналының қуаттылығы жоғары болады (5-10 Вт дейін). 
Алайда мұндай қуаттылық тек келісімделген жүктемеде, 60, 600, 6 000 
Ом жүктемесінде белгіленетін болады, сондықтан генератор 
шығысында келістіруші трансформатор жиі қосылады. Электронды 
вольтметрдің шығыс кернеуінің көрсеткіштері генератордың жүктемесі 
келісілген жағдайда ғана дұрыс болады. Генератор жиілігін орнату 
дәлсіздігін 1%-дан кіші шамаға дейін түсіруге болады. Жиіліктің 
тұрақтылығын арттыру үшін прецезиялық сыртқы элементтер 
(конденсаторлар, 
индуктивтілік 
шарықтары, 
резисторлар) 
қолданылады. 
Сонымен қатар, өлшеу генераторларында мұндай сызбаның 
жиілігінің тұрақтылығын арттыру үшін соғылу арқылы шамасы 
берілетін генераторлар жиі қолданылады. Мұндай генератордың 
қарапайым құрылымдық сызбасы 12.4-суретте көрсетілген. Бұл жерде 
төмен жиіліктің тербелістері түрлендіргіштегі f және f синустық 
тербелістерді араластыру жолымен түзіледі (12.4-суретте жеңілдету 
үшін ол араластырғыш түрінде бейнеленген). Сонымен бірге f жиілігі f 
бастап f + F дейін өзгеріп тұрады), мұндағы F — жұмыс диапазонының 
ең үлкен жұмыс жиілігі. Араластырғыштан шыға берісте 
комбинациялық жиіліктер, соның ішінде аралық жіиілік F^ = =f
2
- /
1
алынады. Аралық жиіліктің тербелісі F^ аралық жиіліктің сүзгісі 1 
бөлінеді. 
Жиілігі жоғары генераторлардың сипаттамалары. 
Радиожиілік 
диапазонына арналған өлшеу жүйелерінде сигнал генераторларымен 
қатар, стандартты сигналдар генераторлары пайдаланылады. Сигнал 
генераторларының шығыс сигналының қуаттылығы орташа (3 Вт 
дейін) және өлшеуіш жетекші антенналар мен басқа қуатты 
құрылғыларды қоректендіру үшін қолданылады. Стандартты сигналдар 
генераторлары 
208 
ЖЖ-генератор 1 
Араластырғыш
ЖЖ-генератор 2 
Аралық 
жиіліктер 
сүзгісі
12.4. Соғылу генераторының қарапайым құрылымдық 
сызбасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет