Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Шу сигналдарының генераторлары



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

12.3. Шу сигналдарының генераторлары 
Шу сигналдарының генераторлары (шу генераторлары) белгілі бір 
ықтималдық (жетекші) сипаттамаларына ие флуктуациялық кернеу 
қалыптастыруға арналған. 12.10-суретте шу генераторының 
құрылымдық сызбасы берілген, оған жетекші генератор, түрлендіргіш, 
шығарғыш аттенюатор, қолданыстағы кернеу вольтметрі кіреді. (Af) 
параметрі тербеліс жиіліктеріне қарай кернеудің өзгергенін көрсетеді. 
Шу генераторы сызбасының негізгі түйіні жетекші генератор болып 
табылады. Оның сигналдарының жиіліктердің талап етілетін 
жолағының ұзына бойына спектрлік тығыздығы бірдей болуы тиіс 
(теорияда –ақ шуыл деп аталады). 
Жетекші 
генераторда 
статикалық 
сипаттамалар 
мен 
параметрлермен көрсетілетін қарқынды шулар, математикалық 
талдаумен зерттелуі қиын физикалық құбылыстар пайдаланылады. 
Мұндай шу көзінің мысалы ретінде қызып тұрған сым резисторды 
алайық, оның қолданыстағы кернеуі физика курсынан бәрімізге белгілі 
формула бойынша есептеп шығарылады: 
U
2
4kTRΔ
мұндағы k —Больцман тұрақты шамасы, k = 1,38 • 10
-23
Дж/К; Т — 
резистордың абсолютті температурасы, К; R — резистордың қарсыласу 
күші; Af — өткізу жолағы. 
12.10-сурет. Шу генераторының құрылымдық сызбасы
216 
Қолданыстағы 
кернеу вольтметрі 
Жетекші 
генератор
Түрлендіргіш
Шығарғыш 
аттенюатор


Резистордың конструкциясы керамикалық каркасқа оралған
вольфрам спираль түрінде жасалған, оның температурасы тұрақты 
болуы тиіс. 
Жылу шу қуаттылығы көздеріне болометриялық генератор да 
жатады. Болометр ішіне вольфрам жіп тартылған вакуумдық шыны 
баллоннан тұрады. 
Жылу шу көздері шу кернеуінің үлгілік генераторлары ретінде 
қолданылады, 
өйткені 
олардың 
сипаттамалары 
эксперимент 
нәтижелерімен сәйкес келеді. Сонымен қатар шу генераторларында 
сонымен бірге фотоэлектронды көбейткіштер, газ-разрядты түтіктер, 
шу диодтары, т.б. қолданылады. 
Шу генераторларында спектр түрлендіргіштері ретінде 
күшейткіштер, сүзгілер, шектегіштер, қайта құрылатын жиілік 
генераторлары қолданылады. Нақты элементтің қолданылуы қандай 
шу түрлендіру қажеттігіне байланысты таңдалады. 
Айталық, түрлендіргіш ретінде белгілі бір берілім коэффициентіне 
ие сүзгіні таңдайтын болсақ, ақ шуыл генераторынан спектрлік 
қуаттылық тығыздығы белгілі бір жиіліктер диапазнында өзгеріп 
тұратын стационарлық кездейсоқ үрдіс генераторын алуға болады. 
Генератордың 
шығару 
құрылғысының 
маңызды 
элементі
калибрленген аттенюатор болып табылады, ол шудың барлық жолағы 
бойына қуаттылықты бөлудің бірдей коэффициентін қамтамасыз етуі 
тиіс. Шығару қуаттылығының деңгейін бақылап отыру үшін генератор 
сызбасына қолданыстағы кернеу вольтметрі енгізіледі. 
Төмен жиілікті шу генераторлары Г2 деп таңбаланады. Олар 20 Гц -
10 МГц аралығындағы диапазонда жұмыс жасайды және 5 Вт дейінгі 
қуаттылықты өндіреді; АЖЖ-генераторларының жұмыс диапазонының 
ең жоғарғы жиілігі 37 ГГц дейін барады, синустық тербелу 
генераторлары сияқты жиілігі аз жабындалатын бір диапазонды етіп 
шығарылады, АЖЖ шу генераторлары төмен жиілік генераторлары 
сияқты Г2 деп таңбаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет