Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
imp kz 1509

Мониторинг келесі кезеңдерді қамтиды: мектеп жасына дейінгі 
балалардың дамуын бақылау; жас ерекшеліктеріне сәйкес балалардың 
дағдылары мен біліктерінің қалыптасуын бағалау; педагогтің жұмыс жоспарына 
түзету шараларын енгізу. 
Баланың мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз болуы үшін жағдайлар 
нормативтік талаптарға, санитарлық ережелер мен өртке қарсы нормаларға, 
толыққанды дамуға, дамушы ортаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге, білікті 
кадрлармен қамтамасыз етуге, бейнебақылау жүйесінің болуына сәйкес жүзеге 
асырылады, бұл сапаны бағалау критерийлерінде ескеріледі. 
Сонымен қатар, балалардың толыққанды дамуы қол жетімді дамытушы 
заттық-кеңістіктік ортаны құрумен және педагогтердің тәрбиеленушілермен 
сапалы өзара әрекет етуін ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі. 
Ата-аналардың білім беру қызметтерін көрсету сапасына қанағаттануын 
анықтау сауалнама жүргізу арқылы, ата-аналардың білім беру қызметтерінің 
сапасына қанағаттану индикаторының динамикасы бойынша жүзеге асырылады. 
Баланың мектепке дайындығы физикалық, психикалық, әлеуметтік 
және эмоционалды-зияткерлік даму деңгейлерімен анықталады [4], бұл оған 
мектептің білім беру бағдарламасын денсаулыққа зиян келтірместен табысты 
игеруге көмектеседі. Ата-аналар бұл процестің белсенді қатысушылары бола 
отырып, қолайлы білім беру ортасын құра алады және оқудың алғашқы маңызды 


17 
кезеңінде балаға барынша қолдау көрсете алады. 
Келесі ресурстарды басшылыққа алу ұсынылады: 
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2023/06/02_30.pdf
  
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2022/MR_2.
pdf
  
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЛАУ 
Оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары мектепке дейінгі ұйымның 
маңызды актісі болып табылады. Ол «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
Қойылған міндеттерге сәйкес жылдық жоспар келесі құрылымдық 
компоненттерді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет