Этномәдени білім беру


олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Әрбір ұлттың



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.28 Mb.
#490699
1   2   3   4   5   6   7
14 дәріс пдф compressed

олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Әрбір ұлттың
ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті болатыны белгілі. Ұлттық
мәдениеттің қайнар көзі оның рухани азығының асылдық қасиеттеріне
байланысты.


Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың
мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ұлы ғұламалар әл-
Фараби, М. Дулати, Ж. Баласағұн, Абай, Шоқан, Ыбырай, т.б. ұлттық мәдениеттің
жай-күйін айқын ашып, оны дамытудың жолдарын көрсетті. Қазақ халқының
мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойы дамып,
қалыптасқан ұлттық рухани болмысын көрсетеді. 
Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал тәрбие
дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен тығыз байланысты. Мәдениеттің
өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет тәрбиенің басты құралы
болып 
табылады. 
Кез-келген 
әдеби 
шығарманың 
эстетикалық 
мәні
тәрбиелеушінің этикасын, яғни мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді, әсер
беріп, адамдығын қалыптастырады. Қазақ халқы жақсылық, жамандық, достық,
қастық, бәрі де жеке тұлғаның мәдени дәрежесіне байланысты деп көрсетеді.
«Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ», «Жақсының аты
өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», «Жақсыны сыйласаң, есінен кетпейді,
жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді» деп, халық адамның жақсы болмағы
мәдениетт ілігінен деп түйіндейді. «Тура биде туған жоқ» сияқты мақал ел
басқарушының әділетті, шыншыл болуы – нағыз мәдениеттілік екенін дәлелдей
түссе, «Аққа құдай жақ», «Асты қорлама, астырады, адамды қорлама, састырады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет