182
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай магистральды тамыр қанды басқа жеткізеді?
2 Бас аумағындағы қандай негізгі магистральды жолдар болады және олар
қайда, қалай мұрын мен ауыз қуысын қанмен қамтамасыз етеді
17.3 Алдыңғы аяқ артериясы
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ артериясын игеру
Алдыңғы аяқ артериялары бұғанаасты артериясының жалғасы —
қолтық
артериясының тармақтары болып табылады.
Бұғанаасты артериясы сыртқы
көкірек артериясы ажырағаннан кейін, қолтық артериясы (a. axillaries) — деп
аталады(cурет 53).
Алдыңғы аяқ магистральды артериясының негізін бұғанаасты артериясының
жалғасы қолтықартериясы құрайды. Қолтық артериясынан алдыңғы аяқтың
белдеуін қанмен қамтамасыз ететін жауырынастыартериясы ажырайды. Ал
аяқтың еркін қозғалатын бөлімінің магистральды артериясы қызметін, қолтық
артериясының жалғасы — иық артериясы атқарады. Алдыңғы аяқтың білек
аумағында, иық артериясынан орталықартерия және онымен қатар жетілетін,
оның бүйірлік артерия тармақтары болып саналатын кәрі жілік артериясы мен
шынтақ артериясы қалыптасып жетіле бастайды. Алдыңғы аяқтың тізе
аумағында осы үш артерия тармақтарынан тамырлы тор түзіледі.
Осы тор
тамырларынан алдыңғы (дорсальды) және артқы (пальмарлы) жіліншік
артериялары қалыптасып, олардан жануарлардың түрлеріне байланысты
құрылысы мен орналасу орындары түрліше бақай артериялары жетіледі.
Алдыңғы аяқты артерия қанымен қамтамасыз
ететін негізгі магистральды
қан тамыры — қолтық артериясы
Достарыңызбен бөлісу: