Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет55/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Ескерту: аналитикалық тəсіл мен аббревиациялау тəсілі арқылы ұлттық 
тіл элементтеріне қоса, кейде кірме сөздердің қатыстырылуымен де термин 
жасалады.


162
Үшіншіден, калькалау тəсілі. Бұл тəсіл бір қарағанда 
алдыңғы екі тəсілдің екі арасында аралық қызмет 
атқаратын тəрізді. Яғни кірме сөздер мен алдыңғы екі тəсіл 
мүмкіндіктері пайдаланылады. Басқаша айтар болсақ, ұғым 
идея негізге алынады да, олардың жарақталуы ұлттық тіл 
құралдары арқылы іске асып жатады. Қысқасы, алдыңғы 
екі тəсіл мүмкіндігі сарқа пайдаланыла отырып, кірме тер-
миндер дайын күйінде қабылданады. Сонда бұл жерде өзге 
тілден келген нəрсе терминнің мазмұндық сапасы ғана бо-
лып шығады.
Төртіншіден, өзге тілдерден дайын термин алу тəсілі. 
Кірме терминдер делініп жүрген бұл сөздер жүйесі көбіне-
көп орыс тілі арқылы келген орыс жəне халықаралық 
интернационалдық лексика қатарына жатады.
Дайын термин ретінде, ең алдымен, диалектілік ерек-
шеліктер мен қолданыстағы сөздердің басқа бір түрінен 
ұлттық тіл қатарына көшкен лексика іске жаратылуы мүмкін. 
Сондай-ақ, екіншіден, өзге тілдерден енген кірме сөздер бо-
луы ықтимал. Басқаның бəрі тілде ежелден қалыптасқан де-
риваттар болып табылады.
Қазақ терминологиясын жасап, қалыптастыруда тікелей 
рөлі болған осы жолдар мен амалдарды саралап келгенде 
көзіміз жеткен бір ақиқат мынау: терминжасау амалдары 
мейлі үшеу, мейлі бесеу болсын бəрібір, мұның бəрі де, ең 
алдымен аударма арқылы, аударма жұмысының өркендеуіне 
орай пайда болған. Тіпті керек десеңіз, аудармаға ешбір 
қатысы жоқ боп көрінетін мəністік (семантикалық) тəсілдің 
алғашқы тармағы арқылы жасалатын, яғни байырғы сөздер 
мен диалектілердің терминденуінің өзі де аударманың əсері 
арқылы, орыс тіліндегі үлгінің нəтижесінде туған деп түйін 
жасауымызға əбден болады. Олай болса, бұл қазақ тілінде 
термин жасаудың ең басты жолы болуға тиіс. Өйткені тіпті 
аударылмай, сол күйінде алынған терминдердің өзі де, ке-
рек десеңіз, тəржіма талқысынан өтіп барып, аудармашы-
лар сарабына түсіп келіп қана кірме сөзге айналады. Сөйтіп 


163
қазақ тілінде термин жасаудың барлық тəсілдері негізінен 
аудармаға, əсіресе орыс тілінен аударуға байланысты туған. 
Осыған орай есте тұтар бір жайт мынау: арнайы лекси-
каны зерттеушілердің көпшілігі термин мəселесін қарас-
тырғанда оның түрлі жасалу жолдары мен тəсілдерін дұрыс 
көрсете отырып, соны қалыптастырудағы, аударманың 
рөліне тереңдей бермейтіні өкінішті. Біздіңше, мұның өзіне 
тəн сыры, қыры əлі арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан тер-
мин туралы сөз қозғағанда, оны ең алдымен аудармамен 
байланыстыра əңгімелеу керек. Біздің зерттеуіміздің бір 
мақсаты осы. Біз əлгі тəсілдердің бəрін аудармамен байла-
ныстыра қарастырамыз.
Енді бұларды жинақтап, сұрыптаған тілдік материал-
дарды сөйлету арқылы баяндап, өз алдына жеке-жеке 
қарастырып көрелік.
Семантикалық тəсіл немесе мəністік тəсіл. Бұл қазақ 
тілінің байырғы сөздері мен ертеден енген араб, парсы 
сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мəнде жұмсалуы 
болып табылады. Əлгі жаңа қызмет сол байырғы сөздер 
мағыналарының бірінің негізінде өріс алады.
Семантикалық тəсіл дегенде, біз жоғарыда көрсетілген-
дей, ең алдымен ұлттық тіліміздің өз мүмкіндігін толы-
ғырақ пайдалануды түсінеміз. Сонда термин жасауға 
қатыстырылатын ішкі мүмкіндіктер дегеніміз не? Ол – жал-
пы халықтық немесе жалпы əдеби тіл құрамында ежел-
ден қолданылып, тіл мұқтажын өтеп келе жатқан байырғы 
сөздердің арнайы қызметке көшуі. Немесе олардың бір 
мағынасының терминдік қызметке бейімденуі. Сөйтіп, 
мұндай сөздердің əлгіндей нақты атаулық сипаты күшейе 
келе белгілі бір ғылым саласының өркендеп, дамуына қызмет 
етеді де, сол саланың арнайы лексикалық қабатын құрайды. 
Бұл кейде сөз мағынасының тарылу немесе кеңеюі арқылы 
да бола беруі ықтимал. Жəне бұл процесс қоғам дамуының 
кез келген кезеңінде емес, қарқынды даму кезеңінде ғана 
болатынын ескеру керек.


164
Қазан төңкерісінен бергі жердегі қазақ əдеби тілінің 
даму жолын сүзіп өткенде осындай бір тілдік өсу, өрлеудің 
өзгеше сапасын байқаймыз. Жалпы, тіл, тілдің қай-
қайсысында да мүлде жаңадан жасалған сөздер көп бола 
бермейді. Жаңа сөз дегенде əдетте белгілі бір сөздердің 
белгілі бір мағынасының актуалдығы күшеюін неме-
се қайсыбір мағынасының жаңаруын, сөйтіп қолданыста 
арнайы жаңа қызметке көшуін түсініп жүрміз. Осыған 
қарағанда, жаңа сөз деген түсінікті абайлап қолдану керек 
сияқты. Жаңа сөз дегеннен гөрі, сөздердің қызмет аясының 
кеңеюі, мағына жылжымалылығы, жаңаша мəн жүктелуі 
деу дұрысырақ па деп ойлаймыз. Міне, осы мағыналық 
өзгеріс, жаңа қолданыс дегеніміздің бəрі де өздігінен 
болып жататын құбылыс емес.
Бұл тəсілдің өзінің əр алуан атауы, неше қилы түрі бар. 
Мəселен, оны халықтық лексиканы терминдендіру деп те, 
лексика-семантикалық тəсіл деп те, жалпыға ортақ сөздер-
дің терминдік мəнге көшуі деп те, ұлттық тілдің сөздерін 
жаңа сапада қолдану деп те, сөз мағынасын өзгерту деп те 
атауға болады. Мəністік тəсіл шеңберіне кіретін ерекшелік, 
əрине, бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Оның бұдан 
да басқа зерттеушілер байқай алмай жүрген тағы басқа 
түрлерінің болуына шəк-күмəн келтірмейміз. Біз айтып 
отырған бұл түрлері қазақ тілі фактілері бойынша ғана 
анықталғандары.
Қазақ тілінің сөздік құрамында қоғам, Отан, ошақ, орта, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет