Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Ишбатыров Өсер Абылбайұлы
ӘЛЕМ МАТЕМАТИКА ТІЛІМЕН ЖАЗЫЛҒАН
Мен, Ишбатыров Өсер Абылбайұлы, Маңғыстау облысы, Түпқараған
ауданы, Ақшұқыр ауылында Ақшұқыр мектеп-лицейінде жұмыс жасаймын.
Еңбек өтілім 6 жыл. Менің баяндамамның тақырыбы “Әлем - математика
тілімен жазылған”. Мен жалпы математикадан сабақ беремін. Бір жағынан
математиканың фанатымын. Мен тек математика емес, барлық пәнді, жалпы
ғылымды жақсы көремін. Бұл баяндамамда математиканың барлық ғылыммен
байланысын, математиканың әлемді қаншалықты әдемі суреттейтінін айтқым
келеді. 
Басында математикаға қызығушылығым болмады. Теориялық білімім де
аз еді. Ғылым ға құлшынысымды ашқан бірден бір себеп ғылым тарихын,
ғалымдардың өмірбаянын оқу болды. Олардың ашқан жаңалықтары өте қатты
әсер етті. Солардың бірі геометрия тарихы болды. Оның тарихы Евклидтен
басталады. Ол өз геометриясын 5 аксиома құрудан бастады. Сол аксиомаға
сүйеніп бүкіл геометриясын құрды. 2000 жыл бойы геометриядан тек
Евклидтің кітабы болатын. Бірде Птолемей патша Евклидтен “Геометрияны
түсінудің сенің кітабыңнан басқа жеңіл жолы жоқ па” деп сұрайды. Оған
Евклид “Геометрияда патшалар жүретін жол жоқ” деп жауап берді. Жалпы
кеңістік туралы адамдардың түсінігі тек осы геометрияға байланысты болды.
2000 жыл адамдар тек бір геометрия бар деген ой мен жүрді. Бұл геометрия
шын өмірдегі кеңістікті жақсы түсіндіріп тұрды. Кеңістікті жаңа геометрия
мен басқаша сипаттауға болатынын, 2000 жыл ешкімнің ойына да келмеді.
19 ғасырда қанша жыл табылмаған дүние, бірден 3 ғалымның ойына
келді. Олар Гаусс, Янош Бойяи, Николай Лобачевский болатын. Гаусс өз
заманында математиктер королі деп мойындалған болатын. Сондықтан ол
сонша жыл мойындалған геометрияны өзгертетін болсам, адамдардың сөзіне
қаламын деп, жаңа геометрияны жарыққа шығармады. Яношты да ешкім
түсінбеді. Лобачевский геометриясын жасағанда 5-ші аксиоманы басқаша
түрлендіріп алып, өз геометриясын тұрғызды. Ол 5-ші аксиоманы түзуде
жатпайтын нүкте арқылы сол түзуге параллель кем деген де екі түзу жүргізуге
болады деп өзгертіп алды. Евклид геометриясындағы жазықтық қисықтығы
нөлге тең жазықтық, ал Лобачевский геометриясындағы жазықтық,
қисықтығы теріс болатын гиперболалық бет. Мұндай жазықтықта тұрғызылған
үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градустан кіші болады.
Евклид геометриясы Лобачевский геометриясының дербес жағдайы болып
табылады. Гиперболалық беттің қисықтығы нөлге ұмтылғанда Евклид


геометриясы шығады. Қисықтығы оң болса, сфералық бет шығады. Онда
үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градустан үлкен болады.
Лобачевский Евклид геометриясын жоққа шығармай, оған өз орнын тауып
берді. Адамзаттың кеңістік туралы ойын біржолата өзгерткен болатын. 
Гаусс ұлы математик болып өмірден өтті, Янош жартылай жынды, кедей
болып өтті. Ал Лобачевскийөзінің ашқан геометриясын өмірінің соңына дейін
дәлелдеумен болды және оны мойындату үшін басқа елдің ғалымдарының
бағасы керек болды. Лобачевскийді гений деп Коперникке, Колумбқа теңейді.
Бірақ осыған байланысты профессор Каганның айтқаны бар. «Үшбұрыштың
ішкі бұрыштарының қосындысын 180-нен азайту, параллель түзулерді
қиылыстыру, күнді тұрғызып жерді қозғаудан әлде қайда қиын деп айтар
едім». 
Салыстырмалылық теорияның негізін қалаған Галилей болатын.
Галилейдің ашқан жаңалығының ең бастысы математиканы ғылымды
түсіндірудің құралы қылды. Ол Аристотельдің құлаған дененің жылдамдығы
массасына тура пропорционал деген теориясын дұрыс емес екенін дәлелдеп,
өз теориясын айтты. Құлайтын дене арақашықтығы уақыттың квадратына тура
пропорционал болды. Сонда құлап бара жатқан денелер де математика
заңымен құлайтыны шықты. Бұл тапқан қатынас әлемде болып жатқан
физикалық құбылыстардың математика тілімен берілуі еді. Бұл теория әлі
күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осы теорияны пайдаланып 2012
жылы НАСА орталығы Марсқа автомобильмен бірдей робот қондырды. Сонда
математика көмегімен қоршаған әлемнің заңдылықтарын ашып, сипаттасақ
болады. Сондықтан Галилей “Әлем – математика тілімен жазылған” деп
айтты. Одан кейін келген ғалым математиканы жаңа деңгейге көтерді. Ол
Ньютон болатын. Евклид заманынан бері адамдар 3 өлшемді кеңістікте өмір
сүрді. Евклид геометриясын пайдалана отырып Ньютон кеңістікті бос сахна
деп суреттеді. Барлық оқиға соның ішінде болып жатыр. Кеңістік болып
жатқан құбылысқа, ал құбылыс кеңістікке әсер етпеді. Кеңістік абсалюттік,
өзгермейтін, мәңгілік болды. Уақытты да гректер философиялық тұрғыда
қарады. Ньютон уақытты физикалық шама ретінде енгізді. Оның кеңістігінде
уақыт 1 өлшемді болды. Ол ұзақтығы еді. Уақыт бірқалыпты, тоқтаусыз,
жалғаса береді. Жердегі 1 сағат Марста да 1 сағат еді. Кеңістік пен уақытты
осылай суреттеп беріп, Ньютон әлемді ешкім жасамағандай жасап берді.
Барлық болып жатқан заңдылықты, қозғалыстарды зерттеді. Осының
барлығында бір ой, Ол – кеңістіктің физикалық зат екені. Оны ұстап сезе
алмасақта ол санақ басы бола алады. Ньютонның осы ойы 250 жылдай уақыт
тұрды. Галилейдің де салымтырмалылық теориясын жалғастырып, оған қосып
БӘТЗ ашты. Ньютон формулалары бізді қоршаған барлық заттың қозғалысын
түсіндіріп берді (Аспан денелерінің де қозғалысын). Барлық ғалымды
таңқалдырған осы болатын. Бір математикалық заң барлық жерде орындалды.
Бізге көрінбейтін заттардың, заңдылықтардың бар екенін математикамен
болжауға мысалдар өте көп. Солардың бірі 200 жыл бұрын Уран планетасы өз
орбитасынан сәл ауытқитынын байқағанда, ғалымдар математикаға сүйеніп
Ньютон формуласымен есептегенде, оған басқа планета әсер етіп тартатынын
тапты. Ол Нептун болатын. Осылайша жерде отырып математика көмегімен


көз жетпейтін жердегі нәрсені көрді. Егер сұрақты дұрыс қоя алсаң,
математика барлығына жауап береді. Тағы бір айқын көрінісі электромагниттік
толқындардың көмегімен істеп тұрған теледидар, радио, уайфай мысал бола
алады. Бұл теорияны электр мен магнетизм бір бірімен әрекеттесіп
электромагниттік толқындар түзетінін, алғаш 19 ғасырдың 2-ші жартысында
британдық математик және физик Дж. Максвелл айтқан болатын. Ол 4
формула ұсынды. Бұл формулалар кеңістікте жарық жылдамдығымен бірдей
толқындар тарайтынын түсіндіріп тұрды. Ньютонның механикалық заңы мен
Максвелдің электромагниттік теориясы бір бірімен сәйкес келмей қалды. Сол
кездегі классикалық физикаға сүйеніп, бұл теорияны түсіндіру мүмкін емес
еді. Майклсон деген ғалым Максвелл ұсынған жарық жылдамдығына арналған
экспериментті жүргізгенде оның барлық бағытта бірдей екенін дәлелдеді. Бұл
зерттеуге барлығы шок болды. Желмен бағыттас жүгірген адам, қарсы да дәл
сол жылдамдық пен жүгіру мүмкін емес еді. Барлығы қарама қайшылыққа
келіп қалды. Физиктер Галилей мен Ньютонның теориясынан немесе
Максвелдің теориясынан бас тарту керек болды. Ширек ғасыр барлық
физиктер екеуіне де жауап беретін ортақ теория іздеді. Сол кезде ешкімге
танымал емес 26 жасар Эйнштейн 1905 жылы өз теориясын ұсынды. 
Риманның жалпы геометриясын пайдаланып Эйнштейн кеңістіктің
формасын өзгертті. Кеңістіктің геометриясын тартылыс күшімен біріктірді.
Ньютонның заңдарын жоқ қа шығармады. Оны кеңейтіп толықтырды. Ньютон
механикасы дербес жағдай болып қалды. Уақытты кеңістікпен қосып
Пространственно-временной континуум деп атады. Ньютоннан кейін әлемнің
жаңа моделін ұсынды. Бір қалыпты жүретін уақыт, енді өзгермелі болып
ауысты. Ол кеңістікпен қосылып созылып, сығылатын болды. Ньютонның
моделінде сахна болған кеңістік, енді сахнадағы актер болды. Болып жатқан
құбылысқа қарай өзінің формасын өзгертетін, созылып, сығылатын болды.
Кеңістіктің формасына дененің массасы әсер етеді. Ол өз жанында кеңістіктің
сығылуына алып келеді. Жарықта бұл жерден өткенде қисық бойымен жүреді.
Бұл жердің айналасында көп білінбейді. Сондықтан біз оны сезбейміз. Ал күн
сияқты үлкен денелердің жанында ол көрінеді, білінеді. Ол жерде механика
Ньютондық емес, ал геометрия Евклидтік емес болады.
Эйнштейн теориясы бойынша уақытта салыстырмалы болды.
Жылдамдық артқан сайын уақыт жай өтетін болды. (Егіздер парадоксы).
Эйнштейн теориясы және электромагнетизм теориясын қосып ортақ
теория шығару мақсатында, 1919 жылы Теодор Калуца оралған 5-ші
измерениені қосу арқылы электромагнетизм мен гравитацияны 4 өлшемді
кеңістікте қосуға болатыны туралы ой тастайды. Ол 5 өлшемді кеңістікте
олардың бір екені туралы ойға келеді. Ол Эйнштейнге жазған хатында осылай
баяндайды. Эйнштейн оған осы ойын әрі қарай дамытуын сұрайды. Бірақ
Калуца да әлем 5 өлшемді екеніне ешқандай дәлел болмайды. 1921 жылы
Эйнштейн оның идеясын ғылым академиясына ұсынды. Калуцаның ойына
замандастары физикалық мағынасы жоқ, математикалық ой ретінде немесе
жаттығу ретінде қарай салды. Оның ойы 50 жылдай айтылмай қалды. 1980
жылдары Майкл Грин мен Джон Шварц суперструн теориясын қолданып екі
теорияны қосуға болатынын айтты. Суперструн теориясы 10 өлшемді әлемді,


6-ы оралған, суреттеді. Осылайша Теодор Калуце айтқан теория қайтадан
қалыпқа келе бастады.
Бернард Шоудың айтқаны бар, «Тарихта көптеген патшалар мемлекет
құрды. Бірақ ойын іске асырамын деп, қанша ма адам өмірмен қоштасты. Ал
ғалымдар одан әрі кетіп жаңа әлем құруды ойлады. Бір жақсысы олардан
ешкім зардап шекпеді. Птолемей жаңа әлемнің моделін құрды, оның әлемі
1000 жыл тұрды. Одан кейін Ньютон келіп өз әлемін құрды. Ол 250 жылдай
тұрды. Одан кейін Эйнштейн келіп, өз әлемін ұсынды. Оның әлемі қанша
уақыт тұрады, ол маған белгісіз. 
Енді қышқаша кеңістік өлшемдері туралы айтып кетейін. 1-ші
өлшемдетек ұзындығы болады. 2-ші өлшемде ені қосылады. Екі өлшемді адам
3ші өлшемді көргісі келсе, оны тек 2 өлшемдегі қимасын көретін еді. 3ші
өлшемде биіктігі қосылады. 3ші өлшемді басқаша 2ші өлшемді адамды 3ші
өлшем арқылы телепортация жасап елестетсек болады. 4ші өлшем уақыт. 2ші
өлшемдегі адамдар 3ші өлшемді елестете алмағаны сияқты, бізде 4ші
өлшемді көріп елестете алмаймыз. 4ші өлшемді бейнелейтін болсақ, қазіргі
меніңжәне 1 минуттан кейінгі менің арамызға түзу сызық жүргізсек, сол түзу
4ші өлшемдегі түзу болады. Егер біз 4ші өлшемді көре алатын болсақ, ол бізге
созылып жатқан түзу болып көрінетін еді. Бір басында бала кезіміз, 2-ші
басында қартайған кезіміз. Егер біреу 5-ші өлшемге шыға алса, оған уақыт
объект болып көрінеді, олар бірге өткен де, осы кезде, болашақта да бола
алады. 2ші өлшем адамы бізді қалай көрсе,біз 4-ші өлшемді солай көреміз.
Мёбиуслентасын да жүрген 2 өлшемді адам 3-ші өлшем арқылы айналып
жүрген болып көрінеді. Бірақ өзіне бір қалыпты жүрген дей болады. 4ші
өлшем бізге бір бағытта (өткеннен болашақ қа) жүріп жатқан болып көрінеді.
Бірақ ол да 5-ші өлшемде айналып өзгереді. Сонда біз телепортация жасау
үшін, 4-ші өлшемге шығуымыз керек. Осылай жалғасып 11-ші өлшемге дейін
жасауға болады.
Осы ғалымдардың өмірбаяндарын, ашқан жаңалықтарын оқып, біліп
ғылымға деген құлшынысым өте қатты ашылды. Солардың адамзаттың
пайдасы үшін тигізген пайдалары, өздері жемістерін көрмесе де, бүкіл өмірін
арнағаны маған қатты әсер етті. Ибн Синаның айтқаны бар “Мен білімімді
сағат сайын арттыртып тұрмасам, жаңа ілім алып тұрмасам, өмір сүре
алмаймын. Мен әрдайым жаңа білім ұйреніп жүруім керек”. Ендігі мақсатым
оқушылар ды халықаралық деңгейден алтын алтындай етіп дайындау, өзімде
халықаралық деңгейден орын алу. Адамзатқа пайдасы тиетін жаңалық ашу.
Ғылымның дамуына үлес қосу. (Геометрияны дамытып, жаңа геометрия ашу). 
Құрметті әріптестер, Жастар, үлкен буын өкілдері болашақты бізге
тастап бара жатыр. Әрі қарай ұрпақ қа білімді беріп, тәрбиелейтін біз. Сол
үшін ерінбей қазірден ізденіп, білім алуымыз керек. 


Астана қаласы, М.Дулатұлы атындағы
№68 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет