Альбиностар Кейбір жануарлардың арасында альбиностар дүниеге
келеді. Альбиностар (лат. albus — ақ) – туа пайда болған
жануарлар мен адамның тері жабынында және
көздерінің нұрлы қабығында түрлі түс беретін пигментті
клеткалары болмайтын жеке дарабастар. Алайда олар
көп өмір сүре алмайды, өйткені жабайы аңдардың көзіне
тез түседі. Меланин пигменттерінің түзілмеуіне
байланысты барлық альбиностардың көздері қызғылт
түсті болады. Алайда мұндай жануарлар өте сирек
кездеседі. Мысалға: альбинос тиіні мыңнан емес, он
миллионнан бір кездеседі.
Сұрақтар:
1. Альбиностар қандай түсті болады?
2. Альбиностарда не болмайды?
3. Не себепті альбинос жануарлар ұзақ өмір сүрмейді?
4. Альбиностардың көзі қандай?
5. Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр
Кейбір жануарлардың арасында ____________ дүниеге
келеді. Альбиностар (лат. albus — ақ) – туа пайда
болған ________ мен ________ тері жабынында және
көздерінің нұрлы қабығында түрлі түс беретін
пигментті клеткалары болмайтын жеке дарабастар.
Алайда олар ____ өмір сүре ______, өйткені жабайы
аңдардың көзіне ___ түседі. Меланин пигменттерінің
түзілмеуіне байланысты барлық альбиностардың _____
қызғылт _____ болады. Алайда мұндай жануарлар ___
_____ кездеседі. Мысалға: альбинос _____ мыңнан
емес, он миллионнан бір кездеседі.