Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Рефераттың өз құрылымы бар



Pdf көрінісі
бет100/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Педагигика

Рефераттың өз құрылымы бар:
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.
2. Тақырыбы.
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және 
нөмері).
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға 
болмайды.
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады. 
«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде 
көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе 
бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын 
айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған 
тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз 
ойларын ортаға салу тәсілі.
Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде 
студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және 
басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз 
ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек 
үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды. 
Шығармашылық жұмыс – адамның белсенділігі мен өз бетінше орындайтын 
жұмысының ең жоғары түрі. Шығармашылық оның әлеуметтік маңызы мен бірегейлігіне 
(сонылығына) қарап бағаланады. Шығармашылықтың объективтік және субъективтік 
жақтары болады. Объективтік тұрғыдан шығармашылық өзінің түпкі нәтижесімен – ғылыми 
жаңалығымен, өнертапқышымен, оңтайландыруымен, көркем туынды тудыруымен 
анықталады. Бұл орайда шығармашылық ауқымы әртүрлі болғанымен, оның әлеуметтік 
құндылығы мен шешімінің соны болуы міндетті талап. Субъективтік тұрғыдан алғанда 
шығармашылықтың түпкі нәтижесінде әлеуметтік құндылық пен жаңалық болмаса да, оның 
маңызы шығармашылық үдерісінің өзімен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет