Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Интегративтілік тұғыр (Бейсенбаева А.А.) тәрбиені мақсатты бағытталған үрдіс
ретінде қарастырады, құрылымдық элементтерін, олардың қызметтерін, байланысын
көрсетеді.
Мәдениеттілік тұғыр зерттелініп отырған мәселе контексінде тұлғаның мәдениет
әлеміне табысты кірігуін қамтамасыз ететін мәдени құндылықтарды меңгеруге және
тасымалдауға жағдай жасауға бағытталған теориялық - әдіснамалық заңдылықтар мен
ұйымдастырушылық -педагогикалық іс-шаралар жиынтығын ұсынады. Мәдениет адамның
табиғатпен және әлеуметтік ортамен әрекеттесу нәтижесі ретінде қатысады. Бұл
әрекеттестіктің нәтижесі рухани және материалдық байлықтарды құру болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте тұлғаның мәдени құндылықтары, сонымен бірге қарым-қатынас
мәдениеті қалыптасады.
Әлеуметтік-мәдениет тұғырын Г.И. Гайсина, М.С. Каган, т.б. дайындаған.
Әлеуметтік-мәдениет тұғыры әлеумет пен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара
әрекеттестігін, тұлғаның әлеуметтік-мәдени дамуын, тұлғаның мәдени құндылықтарды
меңгеруін көрсетеді, ол тұлғаның табысты әлеуметтенуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік-
мәдениет тұғыры тұлғаның құндылық ұстанымын қалыптастыру үрдісіне әлеуметтік-мәдени
кеңістіктің әсер ету факторын бөліп көрсетуге, мәдениеттің білімділік, тәрбиелік
құндылығын қарастыруға мүмкіндік береді.
Аксиологиялық тұғыр болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени
құндылықтарға бағдарынан байқалады, адамды рухани және әлеуметтік құндылықтарды
жасауға қабілетті ең жоғарғы құндылық деп мойындау және оның тұлғалық және қоғамдық
қажеттіліктерін қанағаттандыру; әлеуметтік-мәдени құндылықтардың тұлғаның білімі мен
дамуының өзегін құрайтынын мойындау. Олардың іс-әрекет, қарым-қатынас үдерісінде ол
үшін өмірлік қажетке, тұлғалық мәнге ие құндылықтарды өзектендіреді.
Аксиология тұғыры қазіргі заманғы білім берудің жаңа парадигмасы тәжірибеде
аксиология тұғыры бойынша адамның ішкі әлеміне бағдарланып, оның құндылығына,
түрткісіне, еркіне, әсерленуіне көңіл бөлуді қажет етеді деп есептейді (Б.С.Гершунский,
А.Г.Асмолов, Ш.А.Амонашвили, И.А.Колесникова).
Акмеологиялық тұғыр (С.Д.Пожарский, Н.А.Рыбников, Б.А.Тұрғанбаева және т.б.)
мұғалімнің интеллектуалдық, эмоциялық, ерік-жігерлік, коммуникативті мәдениеттерін
дамытуға және моделдеуге әрі ішкі әлеуетін дамытуға, жоғары жетістікке жетуге
бағытталған. Бұл тұғыр педагогикалық үдерісте болашақ мұғалімдерін оқыту мен дамыту
шыңына шығуға, өзін іс жүзінде көрсетуге ұмтылу, жетістікке сұраныс сияқты факторларды
ескере отырып, ұйымдастыруды құрылымдайды.
Құзыреттілік тұғырға сәйкес білім беру жүйесіндегі негізгі нәтижелері түйінді
құзыреттіліктер болып табылады. Мұнда жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты игере алуға,
талдау жасауға, түсінік қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Бұл тұғыр өмірдің әртүрлі
саласында стандарттан тыс тапсырмаларды шешуге қабілеттілікті және қоғамда табысты
түрде әлеуметтенуге бейімделудің жолдарын игеруге мүмкіндік береді. Білім беру
саласының негізгі басымдылықтары ретінде нәтижеге бағытталған білім тұжырымдамасы
даярланып, оның негізгі көрсеткіші ретінде құзыреттлік тұғырына көшу бағыты айқындалды.
Педагогика ғылымында құзыреттілік тұғыр негізінде тұлға игеруге тиісті таным,
тәжірибе, әрекет тәсілдерінен басқа құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.
Құзыреттілік тұғыр – білім беру үдерісін ұйымдастыру, ол субъектінің іс-әрекеті арқылы
(оқу, таным, ойын және. т.б) өзін-өзі жүзеге асыру құқығына, құзыреттілікті меңгеруге және
пайдалануға негізделген. Ж.К.Түймебаевтың бас редакторлығымен құрастырылған
Эициклопедиялық сөздікте «құзыреттілік тұғыр - мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық
әрекетінің нәтижелігі және жоғары деңгейде кепілдік болуы арнаулы, жалпы және негізгі
құзыретті белгілеу негізінде мұғалімдерді дайындау үдерісінің мақсатын белгілеу, мазмұнын
таңдау, ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету» делінген.
|