Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі
ғылыми жетістіктер жүйесі. 2. Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар
жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория. 3. Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми
қоғамдастықта үстем
болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің
бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әр түрлі дүниеге көзқарас
тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым. Педагогикалық сөздікте «парадигма»
‒ белгілі бір кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған
мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде
қабылданған теориялық
және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі.
Парадигма ұғымын ғылымға енгізген Бергман, ал оны зерттеген американдық физик,
философ Т. Кун. Ғалымның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма» ‒ қарастырылып отырған
кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін анықтайтын алғышарттардың жиынтығы.
Философия мен әлеуметтануда парадигма – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін
және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым. Логикада
парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми
қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт эталоны мен ғылыми таным үдерісінде ғылым
негіздерін жүйелеуде, бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар
жиынтығы ретінде көрсетіледі. Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи
кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын
үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі.
Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Біріншісіне
Т. Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми айналымдағы мәселелерді және оларды
шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі,
нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың
екінші түсінігі В.В. Краевский, Е.В. Бондаревская, И.А. Колесниковалардың пайымдауынша,
парадигма мазмұны, идеялары, негізгі білім жүйесін
жобалаудың тұғырлары, білім
стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс қарастырылады. Ғалымдардың зерттеулеріне
сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар:
адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім және біліктіліктің
жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму
әдістерін ұғыну; ақпаратты
кодтау және тарату ұстанымдары; адамзаттың мәдени дамуын
ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру үдерісінде
білім мен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде педагогтың орны мен ролін түсіну;
тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы білім алушының орны мен рөлін анықтау және
т.б.
Соңғы уақытта педагогикалық теория мен практикада диалог, ынтымақтастық,
бірлескен әрекет, өзге адамның көзқарасын түсіну қажеттігі, тұлғаны құрметтеу және басқа
да идеялар еніп, көп тұжырымдамалық және көп парадигмалық
тұғырлардың дамуына
тікелей ықпал етті. XX ғасырда таным әдіснамасында маңызды өзгерістер орын алды. Көп
парадигмалық тұғыр да талқыланды. Педагогика ғылымы мен практикасында парадигмалық
тұғыр, парадигмалық ұстаным, көп парадигмалық, парадигмалық бейне, көп парадигмалық
үдеріс, парадигманың түрлері және осы категорияны зерттеушілердің дүниетанымдық
бағытына сәйкес, парадигмалық құбылыстар деген жалпы ұғым қалыптасты. Парадигманың
түпнұсқалық мазмұнына педагогикалық мәселені қою мен шешудің жалпы қабылданған
тұрпаты, педагогика ғылымы мен практикасында танымның
жалпыәдіснамалық негізі,
таным әрекетінің негізгі ұстанымы және іске асыру нысаны, әдістердің, мәселелік
жағдаяттың көздері және оларды шешу стандарттары, педагогиканың өткені мен бүгінін
талдау енгізілді.